Бильярд

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бильярд
Remove ads

Бильярд биллиард (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын.

Thumb
Пул ойынының жабдықтары: үстел, кий және шарлар

Бильярдтың отаны Үндістан және Қытай саналады. Еуропада 16 ғасырда, Ресейде Петр І-нің тұсында пайда болған. Үстел шұғамен қапталған, жақтауларында (борттарында) шар түсетін қалтасы бар 6 ұяшығы (лузасы) болады. Ойын үш, бес не он алты шармен ойналады. Нөмірленген шарларды ұяға кимен (ұзындығы 1,5 м таяқ) ұрып түсіреді. Бильярд ойынының “Американка” (лузаға бірінші болып 8 шар түсірген ойыншы жеңеді), “Пирамида” (70 ұпай жинаған ойыншы жеңеді), т.б. түрлері кең тараған. Дүниежүзілік және құрлықтық чемпионаттар 19 ғасырдың соңынан бері өткізіліп келеді.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads