Бинарлық номенклатура

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бинарлық номенклатура
Remove ads

Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің туыстары мен түрлерін екі латын сөзімен атау.

Thumb
Бинарлық номенклатура терминін алғаш енгізген ғалым Карл Линней


Біріншісі туысты білдіреді, бас әріппен жазылады. Ал екіншісі түрдің аталуын көрсетеді, кіші әріппен белгіленеді. Мысалы: ақ жусан (Artemіsіa tercheana L.), Алтай ұлары (Tetraogallus altaіcus G.). Түрдің артынан түрді анықтаған адамның аты беріледі. Кейбір жағдайда бинарлық номенклатура соңында анықталған жыл көрсетіледі [мысалы, саналы адам (Homо sapіens L. 1758)].

Бинарлық номенклатура терминін 1620 ж. ғылымға алғаш швейцариялық ғалым К. Баугин енгізген, оны 1735 ж. швед табиғат зерттеушісі К. Линней ғылыми жүйелеудің негізіне алған. Ол “Табиғат жүйелері” (1735) деген еңбегінде бинарлық номенклатураны пайдаланып, түр ұғымын нақтылау үшін морфологиялық және физиологиялық белгілерді негізге алып, жүйелік категориялар (класс, туыс, түр) арасын жіктеп берді.[1]

Remove ads

Бинарлы номенклатура ережелері

Бинарлы номенклатура әр ағза үшін бірегей болып табылады.

  • 1. Ағзалардың ғылыми атауын жазғанда курсивпен жазады
  • 2. Қолжазбада түрдің атауының астын сызады
  • 3. Туыстың атауы бас әріппен жазылады
  • 4. Түрдің атауы тек кіші әріптен бастап жазылады [2]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads