Борохоро жотасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Борохоро жотасы
Remove ads

Борохоро жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының шығысындағы тау. Борохоро жотасы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Демократиялық Республикасының аумағында орналасқан. Боророхоро жотасының ортаңғы және шығыс бөліктері Қытайда, батыс бөлігі - Тоқсанбай тауында (Оңтүстік Жоңғария). Жотада Қорғас, Шыжың, Тышқан, Көктал және Үсек шатқалдары орналасқан[1]. Жотаның оңтүстігінде Іле алқабы созылып жатыр; солтүстігінде Жоңғар Алатауынан Көксу мен Қазан шатқалдары бөлінген; Барохудзир алқабы Жоңғар Алатауын Алтын Емел тауынан бөледі. Тоқсанбай тауының ең биігі 4370 метр. Жотаның құрамына рифтік метаморфит тау жыныстары, рифтік интрузивті түзілімдер, ерте және кеш палеозой, девондық және көміртекті эффузивті жыныстар жатады. Жотаның көтерілуі 2,5 миллион жыл бұрын басталып, жалғасуда.

Quick facts Сипаттамасы, Тау жүйесі ...
Remove ads

Географиялық орны

Батыс шеті Қазақстан аумағына енеді, қалған бөлігі Қытайда. Іле өзені мен Ебінұр көлі аралығында орналасқан. Ұзындығы 250 км, абсолюттiк биіктігі 4500 м.

Геологиялық құрылымы

Прекембрийдің және палеозой дәуірінің кристалдық, метаморфтық тау жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Жер бедері терең шатқалдардан тұрады, олар соңғы тектоникалық қозғалыстар әсерінен қатты тілімденген. Жотаның басында 50-ден астам мұздықтар бар.

Белдеулері

1800 м-ге дейінгі беткейлерде таулы-далалы, 1800 – 2800 м аралығында шалғынды орман белдеуі (шыршалы белдеу), одан жоғарыда альпі шалғыны мен нивальды (қарлы) белдеулер жатыр. [2]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads