Брахисинклиналь

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Брахисинклиналь — (гр. brachs — қысқа және синклиналь) — бір-бірімен жымдаса астасқан тау жынысы қабаттарының қысқа синклинальдік иілім (қатпар) түрі. Иілімнің ең төм. нүктесі иілім құлпы деп аталады. Брахисинклинальдың бет көрінісі сопақ болып келеді, оны құрайтын тау жынысы қабаттарының жиынтығы бір-біріне кигізілген сопақша сақиналар тәрізді (суретті қ.). Брахисинклинальдың ядросында тау жыныстарының ең жас қабаттары, ал қанаттарында көне қабаттар орналасады. Брахисинклинальдың үлкен осінің кіші осіне қатынасы 3:1 — 10:1 шамасында болады. Ені мен ұзындығы шамалас Брахисинклинальдар мульда деп аталады.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads