Бірінші арна (Ресей)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бірінші арна (Ресей)
Remove ads

«Бірінші арна» (орыс. Первый канал) — ресейлік федералдық телеарна. 1995 жылғы 1 сәуірден бастап тәулік бойы Мәскеудегі «Останкино» телеорталығынан (АСК-1) хабар таратады. Елдің бас телеарнасы болып есептеледі. Ресей аумағынан бөлек, «Бірінші арна» шет ел аумағына таралады (халықаралық нұсқасы — «Бірінші арна. Бүкіләлемдік желі»). 2022 жылғы 26 ақпанға дейін Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болды.[7]

Quick facts Ел, Хабар тарату аумағы ...
 Басқа мағыналар үшін Бірінші арна деген бетті қараңыз.

Телеарна 1995 жылы 24 қаңтарда «Қоғамдық ресейлік телеарна» (орыс. Общественное российское телевидение, ОРТ) деген атаумен құрылып, 1995 жылы 1 сәуірде «Останкино» 1 арнасының жиілігінде хабар тарата бастады. «Бірінші арна» атауын 2002 жылы 2 қыркүйекте алды.[8] 2011 жылғы 1 маусымнан бастап арна 16:9 форматына көшті,[9] сонымен қатар 2012 жылғы 24 желтоқсаннан бастап HD форматында да хабар таратады.[10]

«Бірінші арнаның» негізгі бәсекелестері — «Ресей-1» және «НТВ» телеарналары. 2015 жылғы дерек бойынша арнада 2443 жұмысшы істеген.

Еуропа одағы, АҚШ, Канада және Украина елдерінің санкциясына ұшыраған.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads