Бүгілөзек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Бүгілөзек, Өзекбүгіл (Нарын) – Жайық алабындағы өзен.
Remove ads
Географиялық орны
Атырау облысы, Махамбет және Исатай аудандары жерімен ағады.
Сипаттамасы
Ұзындығы 124 км, су жиналатын алабы 892 км2. Бастауын Жайық өзенінің сол жағалауында Бақсай елді мекені тұсынан алып, Хамит Ерғалиев ауылының солтүстік-батысындағы Жалтыр көліне құяды. Арнасы кең, батыс жағалауы жарлы болып келеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде суы арнасынан асып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабын Махамбет ауданының шаруашылықтары жайылымға пайдаланады.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads