Бұқар жырау ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Бұқар жырау ауданы
Remove ads

Бұқар жырау ауданыҚарағанды облысының солтүстік шығысындағы әкімшілік бірлік. Аудан 1938 жылы құрылды. Аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ботақара кенті.

Quick facts Әкімшілігі, Облысы ...
 Басқа мағыналар үшін Бұқар жырау (айрық) деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны

Аудан батысында Нұра, шығысында Қарқаралы, оңтүстігінде Абай, Шет аудандарымен, солтүстігінде Осакаров және Павлодар облысының Баянауыл аудандарымен шектеседі.

Тарихы

1938 жылы 14 ақпанда Ворошилов ауданы болып құрылып, орталығы Колхозное ауылы болды. Ауданға Баянауыл ауданының 4 ауылдық кеңесі, Қарқаралы ауданының 4 ауылдық кеңесі, Тельман ауданының 2 ауылдық кеңесі және Қарағанды қалалық кеңесінің 4 ауылдық кеңесі енді.

1941 жылы Ақжар, Елтай, Зеленая Балка, Миньков, Сенокосный ауылдық кеңестері Тельман ауданына берілді.

1944 жылы Калинин, Пролетар, Пушкин ауылдық кеңестері және Семізбұғы кенттік кеңесі құрылды.

1954 жылы Жаңақала ауылдық кеңесі Пушкин ауылдық кеңесіне қосылды.

1957 жылы Тельман ауданынан Кузнецкий ауылдық кеңесі берілді.

1961 жылы Ворошилов ауданы Ульянов ауданы және орталығы Колхозное ауылы Ульяновское ауылы болып өзгертілді. Пролетар, Шалқар ауылдық кеңестері таратылды. Үлгі ауылдық кеңесі Бабаев ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1962 жылы Ворошилов ауылдық кеңесі Хорошев, Колхозный ауылдық кеңесі Ульянов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1963 жылы Ульянов ауданы таратылып, аумағы Тельман ауданының құрамына енді. Семізбұғы кенті Қарағанды қаласының қарамағына өтті.

1964 жылы Ульянов ауданы қайта құрылып, Қарағанды қалалық кеңесінен Семізбұғы кенті және Тельман ауданынан Ақбастау, Ақжар, Бабаев, Дмитриев, Калинин, Көкпекті, Кузнецкий, Пушкин, Ульянов, Үштөбе, Хорошев ауылдық кеңестері берілді.

1967 жылы Пролетар, Петров ауылдық кеңестері құрылды.

1970 жылы Ақбастау ауылдық кеңесі Тельман ауданына берілді.

1972 жылы Ульяновское ауылына қалалық кент мәртебесі берілді.

1973 жылы Суықсу, Ботақара ауылдық кеңестері, 1975 жылы Озёрный ауылдық кеңесі құрылды.

1977 жылы Қарақұдық ауылдық кеңесі құрылды. Семізбұғы кенті ауылға айналып, Озёрный ауылдық кеңесінің құрамына енді.

1997 жылы 23 мамырда таратылған Тельман ауданының аумағы еніп, Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып өзгертілді.[3]

Remove ads

Шаруашылығы

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 748,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер бар болды, оның ішінде 259,3 мың га егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 153,8 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 95,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 2,7 мың га, көкөніс – 0,8 мың га.

  • 2006 жылы: 60,8 мың тонна дәндер; 43,7 мың тонна картоп; 17,3 мың тонна көкөніс дақылдары; 23,2 мың тонна ет (тірі салмақта); 59,6 мың тонна сүт; 64,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
  • 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 57,7 мың бас; қой мен ешкі – 45,2 мың бас; шошқа – 49,2 мың бас; жылқы – 12,2 мың бас; құс – 686,9 мың басты құрады.
  • Өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: көмір өндіру.

2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2624,8 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік құрылымдары

• 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 10769 оқушы; • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 182 оқушы оқиды; • 36 кітапхана; • 13 клуб типті мекеме; • 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым; • 1 мұражай жұмыс істейді.

Халқы

More information 1989[4], 2009[5] ...

Тұрғындары 57 175 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,27%), орыстар (24,94%), немістер (3,57%), украиндар (3,29%), татарлар (1,72%), беларустар (1,15%), басқа ұлт өкілдері (3,06%).

Әкімшілік бөлінісі

67 елді мекен 5 ауылдық, 3 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:

More information Ауылдық округтері, 2021 2009-ға пайызбен ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads