Бөлгіш

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Бөлгіш(Разделитель; separator) -1) қандай да бір бағдарламалық құрылымның басын немесе соңын белгілейтін символ. Мысалы, Алгол тіліндегі операторларды бөліп тұратын — үтірлі нүкте, Коболде сөйлемнің соңын білдіретін нүкте, Фортранның 77 тілінде 1Р операторының соңын білдіретін ЕН01Р символы; берілген сөзді бөле алатын таңбалар. Мысалы, сөздерден бөлек жазылатын /, \, сызықша және т.б. Кез келген мәліметтер құрылымын даярлау кезінде алдымен мәліметтер элементтерін өзара бөлу және қажетті элементті табу мәселелері шешіледі. Мыс., сынып журналында бұл былай шешіледі: әр жаңа элемент жаңа жолдан еңгізіледі, яғни бұл жерде бөлгіш жолдың соңы болып саналады. Сонда керек элементті жолдың нөмірі бойынша табуға болады.

№ Аты-жөні
1. Аскаров Болат
2. Бекетов Қанат

27. Уланов Әділет. Бөлгіш ретінде басқа да бір арнайы символдарды алуға болады. Бізге белгілі сөздердің арасындағы бөлгіш — бос орын. Орыс тілінде және көптеген басқа еуропалық тілдерде шартты түрде сөйлемдердің бөлгішіне нүктені алады. Біз қарастырған сынып журналында бөлгіш ретінде кез келген таңбаны алуға болады, бірақ бұл таңба мәліметтердің өздерінде таңбасы кездеспеуі керек, мысалы, онда біздің тізіміміз мынадай болар еді: Асқаров Болат * Бекетов Қанат * ,.., * Уланов Әділет. Бөлгіш адрестерді бөлгіш, өрістерді бөлгіш, беттерді бөлгіш, ресурстарды бөлгіш деп аталады.[1]

Remove ads

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads