Вакуоль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Вакуоль (Vacuola cellularis, лат. vacuus - бос қуыс) — жасуша ішінде болатын көпіршік, көбіне ішінде сұйықтық болады. [1]

Жас жасушада вакуоль көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және жетілген жасушаның 70-95% құрайды.[2]
Вакуоль өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында болады. Өсімдіктер вакуолі жануарлардікіне қарағанда ірірек және жақсы жетілген. Вакуоль дегеніміз - жасушалардың дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көріне бастайтын сұйықтық. Вакуольдерде ерітінді күйінде минералды тұздар, қант заттары, сондай-ақ жасушаның өмір сүруіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және басқа да заттар шоғырланады. Вакуольдердің пигменттері, гүлдердің желектеріне және өсімдік- тердің басқа да бөліктеріне (қызылшаның тамырларына, баклажанның жемістеріне, күзгі жапырақтарға) қызыл, көгілдір, жасыл бояу бөліп шығарады. Вакуольдер жас жасушаларда өте ұсақ болады да, ал қартайған сайын вакуольдер бір-бірімен қосылып, ірі вакуольдерге айналады. Вакуольдердегі жасуша шырыны зат алмасудың өнімдері болып табылады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads