Вера Брежнева

From Wikipedia, the free encyclopedia

Вера Брежнева
Remove ads

Вера Викторовна Киперман (укр. Віра Вікторівна Киперман, тұрмыс құрмаған кезіндегі фамилиясы – Галушка, Вера Брежнева атымен ретінде танымал, 1982 жылы 3 ақпанда Днепропетровск облысы, Днепродзержинскте туған) – әнші, актриса, тележүргізуші, (2003-2007 жж.) «ВИА Гра» поп-тобының бұрынғы мүшесі. 14 жасында базарда көкеністер сатып еңбек ете бастайды. Орта мектептен кейін, Днепропетровск теміржол көлік инженерлері институтында сырттай оқып, экономист мамандығын алып шығады.

Quick facts Негізгі ақпарат, Толық аты ...

2002 жылы «ВИА Гра» тобы Украинаға гострольдік сапармен келгенде, Вера залдан сахнаға шығып ресейлік жұлдыздармен бірге «Попытка №5» әнін шырқайды. Сол жылдың қараша айында «ВИА Гра» тобынан Алена Виницкаяның кетуіне байланысты, кастингке Вераны шақырады. Әрине Вера кастингтен сүрінбей өтеді.

2003 жылдың қаңтарында «ВИА Гра» тобы жаңа құраммен (Надежда Грановская, Анна Седокова және Вера Брежнева) сахнаға шығады. Брежнева осы топта 4 жыл шамасында өнер көрсетеді, 2007 жылы өзі топтан бөлініп, жеке ән айта бастайды. 2008 жылы «Я не играю» атты әнінің бейнеклипі жарыққа шығады. Сондай-ақ Брежневаның әншілік өнермен қатар, жүргізушілік, кино өнерінде де айтарлықтай орны бар. «Любовь в большом городе» атты романтикалық комедия жанрындағы фильмде кейіпкер рөлін сомдаған.

Remove ads

Биография

Әкесі - Виктор Михайлович Галушка Днепр қаласының химия зауытында жұмыс істеді. анасы - Тамара Витальевна Галушка (Туған тегі - Пермякова, медициналық мектеп бітірген және сол зауытта жұмыс істеді. Әнші ата-аналасына Киев маңында, Борисполь қаласында пәтер сатып алды.

Үш апалы-сіңілі: үлкені Галина (шетелге кетті) және екі кішісі - егіз Анастасия және Виктория (1985 ж.т). Виктория Александр Цекалоға әйелі болды.

Ол Днепродзержинск номір 41 орта мектепте оқыған. Жасөспірім кезінде спортпен айналысқан (гандбол, баскетбол, каратэ, гимнастика), Құқық коледжге түсуіне армандаған, шет тілінде мұғалім болған. Алайда, Днепропетровск теміржол көлігі инженерлері институтының сырттай бөлімшесінде экономист мамандығын бітірді

Remove ads

Дискография

Жеке альбомдар

2010 — Любовь спасёт мир

2015 — Ververa

ЕР

2020 — V.

«ВИА Гра» тобының құрамында

Студиялық альбомдар

  1. 2003 — Стоп! Снято!
  2. 2003 — Биология
  3. 2003 — Stop! Stop! Stop!
  4. 2007 — L.M.L. (Nu Virgos)

Ән-жинақ

«Поцелуи» (2007), «Лучшие песни» (2008) и «Эмансипация» (2008) альбомдарында Вера Брежневаның даусы қолданылған.

  1. 2005 — Бриллианты
  2. 2006 — ВИА Гра. MP3 Collection

DVD

  1. 2003 — Стоп! Снято!
  2. 2004 — Nu Virgos: MV Collection (Nu Virgos)
  3. 2006 — Video Бриллианты

Видео

  1. Фильм-пособие «Вера Брежнева. Секреты красоты»

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads