Вермикулит

From Wikipedia, the free encyclopedia

Вермикулит
Remove ads

Вермикулит (лат. vermiculus - шылаушын) – силикаттар класының гидрослюдалар тобындағы минерал. Хим. формуласы шамамен (Mg,Fe+2,Fe+3)3[(Sі,Al)4O10]•(OH)2•4H2O, силикаттар класының қабатгы типіне жататын минерал. Қыздырғанда шылаушын тәрізді иіліп, 15—25 есеге дейін ісінеді. Биотит бойынша псевдоморфоза құрайды.[1] Түсі — қоңыр, қоладай сары, жылтырлығы шыныдай, қаттылығы — 1-1,5, жіктілігі өте жетілген, меншікті салмағы — 2,4-2,7, күйдіргенде өте жеңілденіп суға батпайды. Вермикулит негізінен биотитті және флогопитті жыныстардың төмен температурада гидротермалық өзгеруінен түзіледі, кейде биотиттердің моруынан қалыптасады. Вермикулит күйдірілген күйде жылу, дыбыс өткізбейтін материал ретіңде, түсқағаз өндірісінде қолданылады. Кендері Қазақстанда, Австралияда, АҚШ-та белгілі.[2]

Thumb
Вермикулит
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads