Виктория (Ұлыбритания патшайымы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Патшайым Виктория (ағылш. Queen Victoria, 24 мамыр 1819 жыл, Лондон – 22 қаңтар 1901 жыл, Уайт аралы) — Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығының жетінші ханшайымы, 1876 жылдан өмірінің соңына дейін Үндістан патшайымы болды. Ганновер әулетінен шыққан ол — герцог Эдуард Август пен герцогиня Викторияның қызы болды. Виктория Ұлыбритания монархтарының арасындағы билікте ұзақ уақыт отырған билеушілердің бірі, ол 63 жыл және жеті ай үстемдік етті.
Виктория билік құрған жылдар "Виктория ғасыры" деп аталды. "Виктория ғасырында" біріккен корольдікте өнеркәсіп, әлеуметтік-экономикалық салалар және технология едәуір қарыштап дамыды. 1830 жылы Парламент уақытша басқару туралы заң қабылдап, анасы Виктория Сакскен-Кобургты уақытша билік жүргізетін регент етіп тағайындады.[1]
Remove ads
Балалық шағы
1817 жылы ханзада регенттің (кейінірек Джордж IV) қызы Шарлотта ханшайым қайтыс болғанда, III Джорджтың 15 баласының ешбір заңды ұрпағы қалған жоқ. Сондықтан 1818 жылы оның үш ұлы, Кларенс, Кент және Кембридж герцогтары мұрагерлікті қамтамасыз ету үшін бірінен соң бірі жарыса үйленді. Бұл жарыстың жеңімпазы III Джорджтың төртінші ұлы — Кент герцогі Эдуард болды. Оның нәрестесіне Александрина Виктория деген есім берілді. Ол қайтыс болғаннан кейін және 1820 жылы IV Джордж таққа отырғаннан кейін Виктория таққа мұрагерлік қатарында үшінші атанды.
Виктория, өз сөзі бойынша, "өте қарапайым тәрбие көрген". Викторияның балалық шағы Кенсингтон сарайында өткен. Әкесі қайтыс болғандықтан, анасының ағасы Леопольд кішкентай Викторияға әке орнын басты[2].
1836 жылы Викторияның нағашы ағасы Леопольд, Викторияны өзінің ағасының ұлы-Альберт Ханзадаға үйлендіргісі келді.[3] Алайда, Уильям IV Викторияны ол әулетке жақындатқысы келмеді. Керісінше, оны Нидерланды Ханзадасы Александрға тұрмысқа бергісі келді.
Викторияның жазбаларына сүйенсек, ол о бастан ақ Альбертті ұнатып қалады. Өз күнделігіне Альберттің бет әлпеті сүйкімді екенін жазады. Ал Александрды болса, тым қарапайым көрді.[4]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads