Виктор Вячеславович Храпунов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Виктор Вячеславович Храпунов
Remove ads

Виктор Вячеславович Храпунов (24 қазан 1948 жыл, Предгорное ауылы, Глубокое ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — белгілі қазақстандық саясаткер. Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі.

Quick facts Лауазымы, Ту Төтенше жағдайлар министрі ...
Remove ads

Қысқаша өмірбаяны

1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған.

1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі).

1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик).

Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған.

Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер-технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы;

1985—1986 жылдары Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнының бас инженері;

1986—1989 жылдары Алматы қаласы Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы;

1989—1991 жылдары Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы;

1991—1992 жылдары Алматы қалалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1992—1995 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1995—1997 жылдары ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған.[1]

1997 жылдан 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі.

2007 ж. 1 қарашада Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жер ұйымдастыруда өткізілген кемшіліктерге байланысты ұсынысымен мемлекет басшысы жарлығымен Виктор Вячеславович Храпунов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.

Remove ads

Отбасы

Үйленген (1998). Жұбайы — Ләйлә Қалибекқызы Храпунова (1958 жылы туған). 1990 жылы Қазақстандағы алғашқы жеке телекомпанияның бірі «ТАҢ» телерадиокомпаниясының негізін қалап, 1998 жылы Мұхтар Әблязовқа сатқан. 1994—1995 жылдары «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының президенті болған.[2]

Үш баласы бар. Ұлдары — Ильяс Храпунов (1984 жылы туған), Даниэль Храпунов (1996 жылы туған), қызы — Эльвира Бельмадани (1979 жылы туған). Ильяс Храпунов Мұхтар Әблязовтың қызы Мадина Әблязоваға үйленген.[3]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads