Висла

From Wikipedia, the free encyclopedia

Висла
Remove ads

Висла (пол. Wisła, лат. Vistula) — Польшаның ең ұзын және маңызды өзені. Балтық теңізінің бассейндегі ең ұзын, ал су көлемі бойынша Невадан кейін екінші өзен. Жалпы ұзындығы – 1047 километр. Өзен бассейнінің ауданы – 198,5 мың шаршы км.

Quick facts Висла, Сипаттамасы ...
Remove ads

Географиясы

Өзен теңіз деңгейінен 1106 метрде Батыс Карпаттан бастауын алады. Құятын жері — Гданьск шығанағы.

Висланың жоғарғы ағысы Бескидке дейін (60 км) - таулы ағынды су. Краков қаласының маңында салаларымен бірге көп сулы болады, өзен арнасы-шамамен 200 метр. Сан өзенінің маңында өзен арнасы — 600-1000 метр.

Өзен суы көбіне еріген қар суымен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазда және қыста су тасқындары жиі болып тұрады. Соңғы кездері су тасқындары мұздардың бөгелісі нәтижесінде болады.

Remove ads

Салалары

Негізгі салалары - Дунаец, Вислока, Сан, Вепш, Батыс Буг (оң), Пилица және Брда (сол). Орташа су ағысы - 1080 м³/с.[1]

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads