Владимир Николаевич Плотников
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Плотников Владимир Николаевич (1832, Орынбор қаласы — 1875) – Ресей этнограф-суретшісі.
Орынбор уездік училищесін бітірген. Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшесі. 1861 ж. Орал дистанциясындағы орыс әкімшілігі мен қазақтар арасындағы қарым-қатынасты ркттеу туралы дауда ол қазақтардың мүддесін қорғады. 1869 жылы - Елек уезінің бастығы, одан кейін Торғай уезінің судиясы болды.[1]
Шығыстанушы В.В. Григорьевпен және Ыбырай Алтынсаринмен қарым-қатынаста болған әрі олардың ықпалымен жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен салт-жоралары жайында ғылыми этнографиялық мақалалар жазып, көптеген суреттер салған. Әсіресе бейнелеу өнері арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін көрсететін тұңғыш деректемелердің бірі ретінде бұрынғы КСРО ғылым академиясының этнография мұражайында сақталған “Вл. Плотниковтың қазақтардың тұрмысы жайлы этнографиялық суреттері (1859 — 62)” атты альбомы аса құнды. 258 суреттен тұратын осы альбомда қазақтың киімдері мен әшекей заттары, үй мүліктері мен ер-тұрмандары және музыкалық аспаптары бейнеленген. Аталмыш альбом 1867 ж этнографиялық көрмеге қойылып, оған Мәскеу университеті жанындағы жаратылыстану қоғамының күміс медалі берілді.[2][3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads