Волгоград облысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Волгоград облысы (орыс. Волгоградская область) — Кавказ жерінің солтүстігінде орналасқан Ресей облысы және Ресей Федерациясының субъектісі[1]. Әкімшілік орталығы Волгоград қаласында.[1] 2010 жылғы санат бойынша халық саны 2,610,161 адамға тең.
Remove ads
Географиялық орналасуы
Волгоград облысы Саратов, Ростов, Астрахан, Воронеж облыстарымен, Қалмақстан Республикасымен және Қазақстанның Батыс Қазақстан облысымен шектеседі.
Волгоград облысы солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай 400 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 2221,9 км, және оның 29,9%-ы Саратов облысымен, 26,8%-ы Ростов, 11,4%-ы Астрахан, 11,3%-ы Воронеж облыстарымен, 10,9%-ы Қалмақстан Республикасымен және 9, 7%-ы Қазақстанмен шектеседі.
Волгоград облысы Иран, Кавказ, Украина және Қазақстанға шығатын Ресейдің негізгі оңтүстік қақпасы болу арқылы қолайлы географиялық орынға ие. Орталық Ресейге және Волга маңына (Поволжье) кері бағытта. Сондай-ақ, обылста Ресейдің еуропалық бөлігіндегі екі ең маңызды өзені — Еділ мен Дон арқылы қосылған. Ол канал арқылы Каспий, Ақ теңіз, Балтық теңізі, Қара теңіз және Азов теңіздеріне шығуға болады.
Облыс 112,9 мың км² аумақты қамтиды. (78%-ы - ауыл шаруашылығына жарамды жерлер).
Remove ads
Тарихы
Волгоград облысы «Сталинград облысы» атымен 1936 жылы 5 желтоқсан күні бұрынғы Сталинград өлкесінің аумағында құрылды. Облыстың қазіргі атауы 1961 жылы 10 қарашада қабылданды.
Халқы
Кестеде тек халық саны 7,000-нан астам ұлттар ғана көрсетілген
2012 санақ бойынша облыс халқының 54.5%-ы өзін Орыс православ шіркеуіне жатқызады, 4%-ы басқа христиандар, 3%-ы мұсылмандар. Оған қоса 18%-ы өзін «Рухани, бірақ діни емес» деп сипаттайды, 12%-ы атеист және қалған 6.5%-ы басқа дін өкілдері немесе жауап бермегендер.
Саясаты

Волгоград облысының жергілікті парламенті «Волгоград облыстық Думасы» (орыс. Волгоградская областная дума) деп аталады.
Андрей Иванович Бочаров — облыстың 2014 жыл, 24 қыркүйек күнінен бергі губернаторы, партиясыз саясаткер.
Облыстың туы және елтаңбасының екеуі де Волгоградтағы «Отан-Ана», «Отан шақырады» скульптурасы бейнелеген.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
