Вольфрамит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Вольфрамит – вольфраматтар класының минералы. Хим. формуласы (Fe, Mn)[WO4]. В. гюбнерит Mn[WO4] пен фербериттің Fe[WO4] изоморфты қосылысынан тұрады.[1] Кристалдары моноклиндік сингонияда тақташа немесе призма тәрізді түзіледі. Кейбір кристалдарының мөлш. 20 см-ден үлкен. Түсі қызғылт, қара, қоңыр, алмастай жылтыр. Қатт. 4,5 – 5,5; менш. салм. 6,7 – 7,5 г/см3. В. кварцты гидротермальдық желілерде, грейзендерде, пегматиттерде түзіледі. Кенқайраңдарда да кездеседі. Тотығу белдемдерінде бұзылып-үгіліп вольфрам охрасына ауысуы байқалады. В. басты вольфрам кентасы. [2]

Вольфрамит вольфрам металын өндіретін ең басты кен минералы болып табылады. Вольфрамды қатты болаттар қорытуда, өте қатты қорытпаларға қосуға («победит» т. б.), электротехникада лампалар сымын жасауға, керамикада бояу ретінде т. б. қолданады. Кендері. Вольфрамит біздің елімізде Қалба тауында (Қазақстан), Ақшатауда (Қазақстан), Байкал сыртыпда кездеседі.
Шет елдердегі кені Оңтүстік Қытайда (Юннань провинциясында), Индо-Қытайда, Оңтүстік Бирмада, Малакка түбегінде, АҚШ-та (Колорадо, Оңтүстік Дакота, Невада штаттарында), Боливияда, Перуде, Европада — Португалияда және Испанияда, Саксонияда (Германия) болады.[3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads