Вячеслав Францевич Кебич

беларус саясаткері, елдің тұңғыш премьер-министрі From Wikipedia, the free encyclopedia

Вячеслав Францевич Кебич
Remove ads

Вячеслав Францевич Кебич (белар. Вячаслаў Францавіч Кебіч, [vʲatʂaˈslaw kˈʲɛbʲitʂ]; 10 маусым 1936 жыл, Барановичи ауданы9 желтоқсан 2020 жыл, Минск) — кеңестік және беларусьтік саясаткер, Беларусьтің тұңғыш премьер-министрі.

Quick facts Лауазымы, 19 қыркүйек 1991 — 21 шілде 1994 ...

Мамандығы бойынша инженер болған Кебич Беловеж келісімінің қабылдануындағы басты тұлғалардың бірі болғаны үшін белгілі. КСРО ыдырауына әкелген бұл келісімге дейін Кебич кеңестік Беларусь саясаткері, соның ішінде Беларус КСР үкімет басшысы және КОКП ОК мүшесі қызметтерін атқарған.

Remove ads

Ерте жылдары және білімі

Вячеслав Кебич 1936 жылғы 10 маусымда,[1] Конюшевщина ауылында (қазіргі Минск облысы) дүниеге келген. 1958 жылы ол Беларус политехника институтынің инженерлік факультетін бітірді. Ол, оған қоса, Беларус Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебінде білім алған.[2] Саяси мансабына дейін Кебич инженер болып жұмыс істеген.[3]

Беларусь премьер-министрі

Кебич — 1991 жылдан 1994 жылға дейін қызмет еткен Беларусьтің тұңғыш премьер-министрі. Бұл жылдары ол лауазым Беларусь Министрлер Кеңесінің төрағасы деп аталатын. Бұған дейін Кебич осы лауазымның Беларус КСР-ндағы аналогына, Беларус КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымына ие болған. Билігі кезінде ол ресейшіл саясат жүргізетін. 1994 жылғы ақпанда ол «бұрынғыдай Ресеймен валюталық одақ құру кампаниясын жалғастыра беретінін» айтты. Кебич «Бұл тек экономикалық жағдайларға қатысты мәселе емес. Бізді ең жақын рухани байланыстар байланыстырады; Біздің тарихымыз ортақ, мәдениеттеріміз ұқсас» деп те айтатын. Наурыз айының басында ол Парламенке Ресей-Беларусь дипломатиялық байланысының Беларусь сыртқы саясатының басты мақсаты екен деді.[4]

Кебич Беловеж келісімі құрастырушылары мен қол қоюшыларының бірі болды. Бұл келісім КСРО ыдырауын аяқтап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрған келісім еді. Кебич, оған қоса, 1994 жылы өзін Беларусь президенттігіне ұсынған үміткерлердің бірі еді. Екінші айналымға жеткен екі үміткердің бірі болған ол, алайда, Александр Лукашенкоға жеңілді. Сайлаудан кейін Кебич Беларус Сауда және Қаржы Одағын басқарды, Өкілдер палатасының депутаты болды.

Remove ads

Өлімі

Кебич 2020 жылғы 9 желтоқсанда[5] (Беловеж келісімінің 29 жылдығынан бір күн өткенде) COVID-19 пандемиясынан қайтыс болды.[6] Кебич Минскінің Шығыс зиратында жерленген.

Саяси ұстанымы

Кебич демократияға қарсы еді, оны «ойдан шығаруға болатын ең оңбаған нәрсе» деді.[7] Михаил Горбачёвті «КСРО-ны сатып жіберген» «сатқын» деген Кебич «орыс әлемі» түсінігін жақтайтын.[7]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads