Галлица

From Wikipedia, the free encyclopedia

Галлица
Remove ads

Галлица , өсімдік құмыты, өсімдік шыбыны – қос қанаттылар отрядына жататын жәндіктер. Жер шарының барлық құрлықтарында 3500-дей түрі кездеседі. Дене тұрқы 1 – 5 мм. Мұртшалары ұзын, жіп немесе таспиық тәрізді. Қанатындағы жүйкелерінің саны 5 – 8. Денесінің сыртын ұсақ сүйелдер басқан. Г-лардың қызғылт, сары түсті дернәсілдері ұршыққа ұқсас, кеудесінің төм. жағында сақина тәрізді қабыршағы болады. Кейбір түрлерінің дернәсілдері шіріген өсімдік қалдықтарымен қоректенеді, бітені, кенені жейтін түрлері де бар. Г. дернәсілі өсімдік тінін тітіркендіргендіктен өсімдіктің сол жерінде галла (беріш) пайда болады, аты осыған байланысты қойылған. Г-лар – ауыл және орман ш-тарының зиянкестері. Бұларды жою үшін негізінен агротех. шаралар қолданылады.[1]

Quick facts Галлица, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads