Гарри Кимович Каспаров

From Wikipedia, the free encyclopedia

Гарри Кимович Каспаров
Remove ads

Гарри Кимович Каспаров[1] (орыс. Гарри Кимович Каспаров; туған кезіндегі тегі Вайнштейн; 13 сәуір 1963 жыл, Баку) — кеңестік және ресейлік шахматшы, саясаткер, шахматтан дүние жүзінің 13-чемпионы, жастар арасындағы дүние жүзінің чемпионы (1980), халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1980), еңбек сіңірген спорт шебері (1985), 1982, 1983, 1985, 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991 жылдардағы Шахмат Оскары жүлдесінің иегері, гроссмейстерлер қауымдастығының президенті (1986 жылдан), ресейлік оппозицияшы. Әзербайжан тілдер институтын бітірген (1986).

Quick facts Мемлекеттер, Туған кездегі есімі ...
Remove ads

Шахматтан мансабы

  • Шахмат ойнауды алты жасында үйренді.
  • Тоғыз жасында бірінші разряд, 10 жасында спорт шеберлігіне кандидат, 15 жасында спорт шебері атанды.
  • 1973 жылдан бастап Михаил Ботвинник клубында жаттықты.
  • 1975 жылы ересектер арасында5s "Баку кубогін" жеңіп алды. Жастар арасындағы КСРО чемпионы болды (1976, 1977).
  • 1982 жылғы Алексей Сокольский мемориалында бас жүлдені еншілеп, КСРО спорт шебері нормасын орындады. 16 жасында (1979) Босния және Герцеговинадағы Баня-Лука қаласында 14 гросмейстерден озып, бірінші орын алды. КСРО чемпионатында (1981) Лев Псахиспен бас жүлдені бөлісті.
  • 1982 жылы дүние жүзі чемпионы атану жолындағы жарысқа қосылып, Мәскеудегі аймақаралық турнирді ұтты.

Үміткерлер матчының ширек финалында (Мәскеу, 1983) Александр Белявскийді 6:3, жартылай финалда (Лондон, 1983) Виктор Корчнойды 7:4, финалда (Вильнюс, 1984) Василий Смысловты 8,5:4,5 есебімен тізе бүктірді. Анатолий Карповпен арадағы матч 1984 жылы басталып, келесі жылы да аяқталмай қалды. Арада бірнеше ай өткен соң матч қайтадан басталып, 22 жастағы Каспаров пайдасына (13:11) шешілді. Дүние жүзінің чемпионы болған соң, атағын қорғау үшін А.Карповпен тағы да екі матч өткізді. 1986 жылы 12,5:11,5, ал 1987 жылы 12:12 болып дүние жүзі чемпионы атағын сақтап қалды. Ол қазір Кәсіпқой шахмат қауымдастығының арасындағы дүние жүзі чемпионы.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads