Гастроэнтерит

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Үлгі:Infobox disease Гастроэнтерит (көне грекше: γαστρός — «асқазан» и көне грекше: ἔντερον — «ішек»), немесе инфекциялық диарея — асқазан мен ащы ішектің қабынуы. Гастроэнтериттің жедел және созылмалы екі түрі болады. Егер тоқ ішектің қабынуы қосылса - гастроэнтероколит деп диагноз қойылады[1]. Гастроэнтериттің негізгі себептері түрлі аурудан (тымау, өкпенің қабынуы, қызылша, сепсис аурулары т.б.) организмді уландыратын және ауруға шалдықтыратын вирустар мен микробтардың ішекке өтуінен, бұзыла бастаған тағам, шикі сүт, жуылмаған жеміс-жидект және шамадан артық тамақтанудан болады. Көбіне ауру қоздырғыштары: ротавирус, норовирус, аденовирус және астровирус[2][3]. Балдардың Гастроэнтеритінің қоздырғышы - көбіне Ротавирус болады. Балалардың Гастроэнтеритпен ауырғанының 70%-да қоздырғышы вирусты инфекция болып табылады[4]. Ересек адамдарда жүре қосылған иммунитеттің арқасында ротавирус гастроэнтериттің себебі болып сирек кездеседі.[5]. Ересектердің Гастроэнтеритінің қоздырғышы болып 18%-да норовирус болып табылады[6],[2]. Балалардың Гастроэнтеритіне 10%-да қоздйырғышы норовирус болып табылады.

Жедел Гастроэнтерит шұғыл басталады. Оның бастапқы белгілері гастритке өте ұқсас. Бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, ерінге ұшық шығады, жүрек соғуы жиеленіп, науқас есінен танып қалуы да мүмкін. Сосын құсу, іш өту (диарея), ішектің түйіліп ауруы қосылады.[7] Егер Гастроэнтериттің осы түрінен дұрыс емделмесе, созылмалы түрге айналып бауыр, бүйрек, қуық т.б. органдарды ауруға шалдықтырады.

Гастроэнтериттен сақтану үшін тамақтану тәртібін бұзбау, тазалық сақтау қажет.

Remove ads

Гастроэнтерит малда

Гастроэнтерит малда - бұзылған азықтан, химиялық және өсімдік уларының зардабынан түрлі жұқпалы аурулардан (топалаң, пастереллез, қылау, шошқа тілмесі, мәлік т.б.) пайда болады. Мұның катаральдық, дифтериялық т.б. түрі бар. Ауырған мал әлсірейді, қан аралас тышқақтайды, дене қызуы көтеріледі.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads