Гаттерия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Гаттерия
Remove ads

Гаттерия, туатара (лат. Sphenodon punctatus) — бауырымен жорғалаушылар класының тұмсықбастылар отрядына жататын өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан жалғыз түр.[2][3]

Quick facts Гаттерия, Амандық күйі ...
Remove ads

Сипаттама

Сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Денесінің ұзындығы 75 см-дей, салм. 0,5 — 1 кг. Басы үлкен, аяқтары бес саусақты. Жон арқасы мен құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтан тұратын жалы болады. Терісі жылтыр, жасыл түсті, бүйірінде, аяқтарында ірілеу сары дақтары бар. Төбесіндегі тері астында ерекше төбе көзі болады, сондықтан да оны кейде “үш көзді гаттерия” деп те атайды. Төбе көзінде де жарық сезгіш клеткалары болады.

Гаттерия басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі — төменгі температурада (6 — 18 С) белсенді тіршілік ете алады. Құрлықта баяу жүреді, суда жақсы жүзеді.

Remove ads

Қоректенуі

Гаттерия тереңдігі 1 м-дей інінде күндіз тығылып жатып, қорегін аулауға түнде шығады. Көбіне ұсақ жәндіктермен, моллюскілермен, кейде дауылпаз құстың жұмыртқасымен, балапанымен де қоректенеді.

Көбеюі

20 жылда жыныстық жағынан жетіледі, інінің ішіне қатты қабығы бар 8 — 15 жұмыртқа салып, оны көміп қояды. Ұрығының дамуы 12 — 15 айға созылады. Гаттерия 50 жылдан астам өмір сүреді.

Таралуы

Қазір Гаттерия Жаңа Зеландия маңындағы бірнеше аралдарда ғана кездеседі, сол жерлерде арнайы қорық ұйымдастырылып, қорғауға алынып, Халықараралық табиғат қорғау одағыныңҚызыл кітабына” енгізілген.

Түрлері

Туатаралардың екі түрі бар, олар: гаттерия және Бразер аралы туатаралары.

Тістері

Туатаралардың өздеріне тән тістері болады. Басқа жорғалаушылармен салыстырғанда олардың төменгі жақтарында бір қатар тіс, ал жоғарғы жақтарында екі қатар тіс болады. Олар ауыздарын жапқан кезде астыңғы қатар тіс үстіңгі қатарларымен бекініседі. Туатаралардың тістеріне байланысты тағы да бір қызық жайт: олардың ескі және шіріген тістерінің орнына жаңа тіс шықпайды. Бұған себеп – олардың тістерінің шынайы болмауы. Бұл тістер гаттериялардың бас сүйектерінің жалғасы болып табылады.

Remove ads

Туатаралардың үшінші көзі

Туатаралардың бастарының төбесінде үшінші көздері болады. Бұл көздерді төбелік көз, дөңесті мүше немесе орталық көз деп те атайды. Бұл көздері тек жас туатараларда ғана көрініп, олар үлкейген сайын қарая береді. Көздерінің кристалы, көз торы, қабығы және оларды мимен байланыстыратын әлсіз жүйке сызығы болады. Төбелік көз жарыққа сезімтал және де жарық пен қараңғыны ажырата алады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads