Гватемала

From Wikipedia, the free encyclopedia

Гватемала
Remove ads

Гватемала(ис. Guatemala) Гватемала Республикасы (ис. República de Guatemala [reˈpuβlika ðe ɣwateˈmala]) — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 109 мың км². Халқы 10,6 млн. (1995). Астанасы — Гватемала қ.

Quick facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
 Басқа мағыналар үшін Гватемала (айрық) деген бетті қараңыз.

Тұрғындары, негізінен, киче-майя тайпаларына жататын үндістер мен метистер. Ресми тілі — испан тілі. Тұрғындары католиктер, бұған қоса протестанттар да кездеседі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық конгресс.

Жерінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты. Кен байлықтарына (хром, марганец, алтын, күміс, т.б.) бай. Климаты субэкваторлық, мусондық. Тау жоталарында орт. температура 15 — 20°С, жазық жерлерде 23 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 500 — 1000 мм, тау бөктерлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Жерінің 50%-ін қалың орман алып жатыр.

Қазіргі Гватемала аумағын ерте заманда үндіс тайпалары қоныстанған. Орта ғасырларда майя тайпасының жоғары дамыған мәдениеті болған. Елді 1524 — 24 жылдары испан отаршылары басып алды. Ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1821 ж. 15 қыркүйекте Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 19 ғ-дың аяқ кезінен елге Америка капиталы үстемдік жүргізді. 1957 ж. аграрлық реформалар барысында көптеген кәсіпорындар мемлекет меншігіне алынды. 1954 — 85 жылдар аралығында Гватемалада жиі-жиі әскери төңкерістер болып, бірнеше үкімет ауысты. Ұлттық революциялық бірлік ұйымы мен үкімет әскерлері арасындағы 30 жылға созылған қарулы қақтығыстар 1996 ж. желтоқсан айында тоқтатылды. Гватемала — артта қалған аграрлы ел. Тұрғындардың 65%-і а.ш-нда еңбек етеді. Негізгі өнімдері — кофе, қант қамысы, мақта, банан. Кен байлықтарының көптігіне қарамастан, оны өндіру нашар дамыған. Халық тұтынатын тауарлар шет елден әкелінеді. Ел экономикасына шет ел капиталы үстемдік жүргізеді. Жұмыссыздық өте жоғары деңгейде (40%). Гватемала — БҰҰ, Латын Америкасы елдері экон. одағы, т.б. көптеген халықар. ұйымдарға мүше. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Орт. Америка елдері, Жапония, Германия, Мексика.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads