Гвинея-Бисау

From Wikipedia, the free encyclopedia

Гвинея-Бисау
Remove ads

Гвинея-Бисау (порт. Guiné-Bissau), ресми атауы — Гвинея-Бисау Республикасы (порт. República da Guiné-Bissau [ʁɛˈpublikɐ dɐ ɡiˈnɛ biˈsau]) — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Сенегалмен және Гвинеямен шектеседі. Аралдык Гвинеясының құрамында Бижагос аралдары кіреді.

Quick facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...

Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Биссау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы.

Remove ads

Климаты

Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ болып келеді. Климаты экваторлық-муссондық. Жазы жаңбырлы, қараша айындағы орташа температура 24с, ал шілде айында 26с. Мәңгі жасыл ормандар мен саванналарда жан-жануарлар мен өсімдіктердің өте көп түрлері кездеседі, аса құнды ағаштар да бар.

Thumb
Салтиньо көпірі, Гвинея-Бисау.

Тарихы

Ежелгі тарихы әлі көп зерттелмеген. 9 — 15 ғ-лар аралығында Гана, Мали мемлекеттеріне бағынған. 1446 жылдан бастап елге португал отаршылары келе бастады. Олар біртіндеп қамалдар мен сауда орындарын ашып, құл саудасымен айналысты. 17 — 20 ғасырларда жергілікті халық дүркін-дүркін көтеріліс жасап, отаршыларға қатты қарсылық көрсетті. 2-дүниежүз. соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс қайтадан күшейді. Үкімет 1951 ж. елге “теңіздің арғы бетіндегі провинция” статусын берді. Бірақ азаттық қозғалысы басылу орнына одан әрі өрши түсті. 1963 ж. елде қарулы көтеріліс басталып, кейіннен партизан қозғалысы өрістеді. 1973 ж. 24 қыркүйекте Гаусс -Б-дның тәуелсіздігі жарияланды. Келесі жылы Португалия өз әскерлерін елден алып кетуге мәжбүр болды. Банкілер, ірі компаниялар, сыртқы сауда, табиғи қорлар мемлекет меншігіне алынды. Жұмыссыздықтың көбеюі, азық-түліктің жетіспеушілігі салдарынан 1980 ж. әскери төңкеріс орын алды. Қазір елге біртіндеп шет ел капиталы қайтадан ене бастады. Гаусс -Б. артта қалған елдер қатарына жатады. Бір адамға шаққанда жалпы ұлттық өнім 300 долларға жетер-жетпес. Халықтың 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Негізінен, дәнді дақылдар өсіріледі. Өнеркәсіпте, негізінен, ұсақ кәсіпорындар, соңғы кезде балық аулау жақсы дамып келеді. Экономикасының 90%-ке жуығын шетелдіктер қаржыландырады. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, Испания, Франция, Швеция, АҚШ және Сенегал.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads