Геодинамика

From Wikipedia, the free encyclopedia

Геодинамика
Remove ads

Геодинамика(гр. geo - жер және dynamіs — күш)[1]Жер деп аталатын алып геологиялық жүйе аумағындағы барша процестерді, сол процестерді қамтамасыз ететін күштер өрісін зерттейтін ғылым. Геодинамика Жер туралы басқа ғылымдармен, әсіресе геофизика, геохимия, петрология, тектоникамен тығыз байланысты. Геодинамика жеке ғылым болып 1950 жылдан қалыптаса бастады. Оның бастауында неміс ғалымы А.Вегенер, Америка ғалымдары А. Холмс пен Х. Хесс тұрды. Зерттеу объектілеріне қарай Геодинамика бірнеше бағытқа жіктеледі. Жалпы Геодинамика немесе ішкі қабықтар Г-сы тереңдегі процестерді зерттейді. Дербес Геодинамика сыртқы қабықтардағы процестерді, яғни литосфералық плиталардың қозғалысын, олардың Г-лық жағдайларын, т.б. анықтайды. Аймақтық Геодинамика литосфералық плиталардың өзара әсерлесуін және жер бетінің нақтылы бір аймақтарындағы әсерлесу нәтижелерін зерттейді. Тарихи Геодинамика немесе палеогеодинамика өткен геол. мерзімдердегі Г-лық жағдайларды қарастырады.[2]

Thumb

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads