Георгий Владимирович Ким
қазақстандық саясаткер From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Георгий Владимирович Ким (11 мамыр 1953, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, заңгер, Әділет министрі (2002—2003), Сенат депутаты (1998—1999, 2013—2019. Заң ғылымдарының кандидаты.
Remove ads
Өмірбаяны
1953 жылы 11 мамырда Алматыда дүниеге келді.
1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдап, 1985 жылы “Халық депутаттарының жергілікті кеңестер жұмысына қатысуының конституциялық негіздері” тақырыбында жоба қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атанды.
- 1974—1977 — Қарағанды облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының тергеушісі;
- 1977—1985 — КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің кеңсе бастығы, ғылыми қызметкері, оқытушысы, аға оқытушысы;
- 1985—1990 — КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі Алматы факультетінің аға оқытушысы;
- 1990—1991 — Қазақ КСР Президент Кеңесінің кеңесшісі;
- 1991—1992 — Қазақстан президентi мен Министрлер Кабинетiнiң мемлекеттiк заң бөлiмiнiң аға көмекшiсi;
- 1992—1995 — Қазақстан Конституциялық Сотының судьясы;
- 1995—1997 — Қазақстан Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;
- 1997—1998 — Қазақстан Парламентінің Сенаты Аппаратының Заң шығару бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 1998—1999 — Қазақстан Парламенті Сенатының I сайланым депутаты;
- 2000—2001 — Қазақстан Әділет министрінің орынбасары;
- 2001—2001 — Қазақстан Бас прокурорының орынбасары;
- 2001—2002 — Қазақстан президентінің кеңесшісі;
- 2002—2003 — Қазақстан Әділет министрі;
- 2003—2004 — Қазақстан президентінің кеңесшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы;
- 2004—2009 — Қазақстан Бас прокурорының орынбасары, Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы;
- 2009—2010 — Қазақстан Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы;
- 2010—2011 — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы;
- 2012—2013 — Республикалық жеке сот орындаушылар колледжінің төрағасы;
- 2013—2019 — Қазақстан Парламенті Сенатының V пен IV сайланымдарының депутаты, Регламент және депутаттық этика жөніндегі комиссияның мүшесі, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
- 2019 — Қазақстан Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі.
Үйленген, ұлы мен қызы бар.
Еңбектері
- Барлығына және барлығына арналған игі іс (1997).
Марапаттары мен атақтары
- III дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (1980);
- II дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (1985);
- III сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2005);
- Астана медалі;
- ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасы (2017);
- Достастық ордені (2018).
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads