Гюнтер Блобель

Германияда туылған американдық биолог From Wikipedia, the free encyclopedia

Гюнтер Блобель
Remove ads

Гюнтер Блобель (нем. Günter Blobel; 21 мамыр 1936 ж.т., Вальтерсдорф, Германия (қазіргі уақытта Niegosławice (Польша) ауылы) — американдық биолог, шығу тегі неміс, 1999 жылы «Ақуыз молекулаларының ішінде жасушаға ақуызды мақсатты түрде тасымалдау үшін жауапты сигналдық амин қышқылы бірізділігін анықтағаны үшін»Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Рокфеллер университеті профессоры.

Quick facts Туған күні, Туған жері ...
Remove ads

Өмірбаян

Гюнтер Блобель өмірге 1936 жылы 21 мамырда Төменгі Силезия герман провинциясындағы (енді Польша аумағы, Силезия) Вальтерсдорф шағын ауылында келген. Тюбинген университетін 1960 жылы бітірген. Ол ғылым докторы дәрежесін Висконсин-Мэдисон университетінде (АҚШ) 1967 жылы алды. 1967 жылдан Рокфеллер университетінде жұмыс істейді (1983 жылдан — профессор). 1986 жылы Говард Хьюз медициналық институтының зерттеушісі лауазымын алды.

Remove ads

Ғылыми еңбегі

Ақуыздар цитоплазмадағы рибосомаларға синтезделеді. Бірақ олар қай жолмен жасушалық органеллаларға жеткізілетіні белгісіз болатын, олар, онда өз функциясын жүзеге асырады (мысалы, митохондрияға немесе ядроға). 1970 жылы Блобел мембраналар арқылы ақуыздардың транслокациясына тәжірибе жасады. Ол көптеген ақуыздардың сигналдық бірізділігі (сигналдық пептид), органелланы қалаған ақуызға жеткізу үшін пошта индексінің рөлін атқаратын, қысқа амин қышқылдарының бірізділігі болатынын анықтады. Мекен-жайлық транспортық ақуыздарды ашқаны үшін Блобел 1999 жылы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Remove ads

Сілтемелер

Үлгі:Библиоақпарат

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads