Диалектика

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1]

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.[2][3]

Remove ads

Басқару диалектикасы

Басқару диалектикасы - әлсізірегі күштірегін белгілі бір дәрежеде бақылап отыратын басқару формасы ретіндегі биліктін екі жақты сипаты.[1]

Диалектикалық логика

Диалектикалық логика - диалектикалық материализмнің логикалық ілімі. Объективті әлемнің дамуы мен өзгеруінің бейнеленуі мен ақылға салынуының заңдары мен формалары туралы ғылым.[1]

Диалектикалық материализм

Диалектикалық материализм - Маркс пен Энгельстің негізгі идеяларының «ғылыми философияға» айналуы. Марксизмнің бұл ғылыми ағымы Гегельдің материализмге басты назар аударуын дамудың барлық формаларының: табиғаттың, қоғам мен ойлаудың негізінде жатқан маңызды «жалпыға ортақ заң» түрінде диалектиканы (қарама-қарсылық және шешу) бекітумен біріктірді.[1]

Тағы қараныз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads