Динозаврлар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Динозаврлар
Remove ads

Динозавр (лат. Dinosauria) — ертедегі бауырымен жорғалаушылар класына жататын жануарлардың жойылып кеткен тобы. Олар Жерде шамамен 230 миллион жыл бұрын пайда болып, 65 миллион жыл бұрын метеорит құлауы және басқа да факторлар әсерінен жойылып кеткен деп саналады.

Quick facts Динозавр, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Жалпы сипаттама

Динозаврлар — әртүрлі формада және көлемде болған. Олар екі топқа бөлінеді: • Кесіртке жамбасты динозаврлар (Saurischia) — бұл топқа тираннозаврлар, аллозаврлар және басқа да жыртқыш түрлер жатады. • Құс жамбасты динозаврлар (Ornithischia) — негізінен шөпқоректі динозаврларды қамтиды, мысалы, трицератопс және стегозавр.

Түрлері

Әр түрлі палеонтологиялық қазбалар нәтижесінде динозаврлардың мыңдаған түрлері анықталған. Ең танымал түрлері: • Тираннозавр рекс — жыртқыш динозаврлардың ең ірісі. • Брахиозавр — ұзын мойынды, шөпқоректі динозавр. • Трицератопс — үш мүйізді шөпқоректі динозавр.

Эволюция және жойылу

Ғалымдар динозаврлар құстардың арғы тегі болған деп болжайды. Кейбір заманауи құстардың дене құрылысында динозаврларға тән ерекшеліктер байқалады.

Динозаврлардың жойылу себебі ретінде метеориттің құлауы, климаттың өзгеруі және жанартаулардың белсенділігі көрсетіледі.

Қызықты деректер

• Ең үлкен динозавр — аргентинозавр, оның ұзындығы 30 метрден асқан. • Динозавр сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «қорқынышты кесіртке» деген мағынаны білдіреді.

Әдебиеттер

Динозаврлар туралы ғылыми басылымдарПалеонтология негіздері

Динозавр

Динозаврлар – 160 миллионға жуық жылдар бойы (225 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды. Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді.

Remove ads

Құрып кетуі

Динозаврлар неге құрып кеткен? Динозаврлардың құрып кеткені жайында айтылғандарға назар аударсақ, ол Жерге астереоид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пайымдау шындыққа жанасады. Жер тарихында жануарлардың өлуінің өзге де жағдайлыры бар, бірақ осыдан 65 милион жыл бұрын динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмыртқалар басып шығарылмады, ал ересек жануарлар аштық пен суықтан қырырлып қалды.

Remove ads

Балалары

Өз ата-аналарының аумаған кішкентай динозаврлардың балалары қандай болған? Өз ата-аналарының аумаған кішкентай көшірмесі сияқты болған. Бауырымен жорғалаушылар болып табылатын динозаврлар жұмыртқа салған. Олардың арасында маязавр сияқты кейбіреулері қамқор ата-аналар болған. Олар ұя жасап, жұмыртқаларын жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кеткенге дейін қасынан шықпаған.

Ең ең

Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны. Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сейсмозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бәрі 7 тонналық африкандық піл!

Ең ірі динозаврлар

More information Атауы, Ұзындығы ...

Қызықты дерек

Анкилозаврдың ұзындығы 10 метр, құйрығы түйреуіш тәрізді үшкір болып келеді. • Спинозаврдың ұзындығы 12 метрге дейің, ал салмағы 5 тоннаға дейін жеткен. • Стегозаврдың ұзындығы 7 метр, тікенек жапқан құйрығы және жотасында пластиналары болған. • Трицератопстың ұзындығы 9 метрге жеткен және сүйекті мойын жамылғысы мен үш мүйізі болған. Оның бас сүйегі - басқа жануарлардікіне қарағанда ең үлкені.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads