Дипломатиялық дәреже

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Дипломатиялық дәреже - дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай үкімет тарапынан берілетін ерекше белгі. Берілу реті мен тәртібі әрбір мемлекеттің ішкі заңдары- на қарай реттеліп отырады. Дипломатиялық дәреже алғаш рет XIII ғасырда Батыс Еуропада "ambassador" деген атпен пайда болды. XV ғасырдың аяқ кезінде диломаттар 2 дәрежеге ("амбассадор" және "мандатарио") болінді, ал XVII ғасырда оған қосымша "елші уәкіл" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің заңдары бойынша мынадай дипломатиялық дәрежелер қарастырылған: атташе, хатшы, кеңесші, уәкіл немесе елші. Бұған қоса аталған дәрежелердің сатьшары да болуы мүмкін. Мысалы, Ӏ-класты кеңесші, ӀӀ-класты кеңесші және т.с.с. Елшінің немесе уәкілдің қызмет атақтарын әдетте мемлекет басшысы береді, ал басқа қызмет дәрежелерін сыртқы істер министрі өзі бекітеді.[1]

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 12 қарашада қабылдаған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы бойынша төмендегідей дипломатиялық дәрежелер белгіленген:

  • Атташе;
  • ӀӀӀ-хатшы;
  • II класты ӀӀ-хатшы;
  • II класты Ӏ-хатшы;
  • I класты Ӏ-хатшы;
  • II класты кеңесші;
  • I класты кеңесші;
  • II класты төтенше және әкілетті уәкіл;
  • I класты төтенше және өкілетті уәкіл;
  • Төтенше және өкілетті елші.
Remove ads

Тағы қараныз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads