Доломит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Доломит (француз геологы Д.Доломьенің есімімен аталған) – 1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3)2]. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5 – 4, меншікті салмағы 2,85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; 2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 – 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді.[5] Егер негізгі қоспа – ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады. Доломит кембрийге дейінгі және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.
Remove ads
Доломит ұнтағы
Сырт көрінісі ұнға яки құмға ұқсайтын доломит кристалшаларынан тұратын борпылдақ та сусымалы масса. Доломит ұнтағы доломитпен жақсы қаныққан аймақгардың морылу қыртыстарында доломитті таужыныстың бірте-бірте босаңсуы және тандамалы түрде шаймалануы нәтижесінде қалыптасады.
Балдырлық доломиттер
Балдыр тіршілігінің іздерін көптеп кіріктіретін доломиттер.
Туынды доломиттер
Әкті құрамды шөгіндінің яки таужыныстың доломитпен алмасуы нәтижесінде қалыптасқан доломиттер.
Диагенетикалық доломиттер
Әктасты шөгіндінің диагенезденуі сатысында сол әктастардың доломитпен алмасуы нәтижесінде қалыптасатын доломиттер.
Метасоматиттік доломиттер
Әкті шөгінділердің немесе таужыныстардың доломитпен алмасуы нәтижесінде қалыптасатын доломиттердің генетикалық типі.
Сынықты доломиттер
Карбонатты немесе сазды-карбонатты материалдармен дәнекерленген доломит сынықшаларынан тұратын таужыныстар.
Алғаш шөгінді доломиттер
Негізінен ашқылтым сулы алаптарда химиялық тұнбалану нәтижесінде түзілген доломиттердің генетикалық типі.
Седименттік-диагенетикалық доломиттер
Сепкіл-сепкіл сырт бейнесімен ерекшеленетін, әдетге линза тұрқылас денелер құрайтын бүкіл метасоматиттік доломиттер. Орыс ғалымы Страхов олардың қалыптасуын алғашында әкті-доломитті құрамды иеленген шөгінді таужыныстағы доломиттердің диагенез сатысында қайтадан таралуыньщ нәтижесі деп есептейді, алайда бұл тұжырым толығымен мойындалған ресми қағида емес.
Строматолиттік доломиттер
Негізінен строматолиттер мен олардың сынықшаларынан тұратын доломиттер; көне карбонатты қатқабаттарда кеңінен тараған.[6]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads