Друмлиндер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Друмлиндер
Remove ads

Друмлиндер(ағылш. drumlin) — әдетте ішкі ядросы флювиогляциялық құмдардан, сыртқы беті мореналық шөгінділерден немесе байырғы жыныстардан құралған ұзынша төбелер. Биіктігі 20 м, ұзындыгы бірнеше жүз метрге дейін барады. Друмлиндер ескі мұздықтардың дамыған облыстарында, көбінесе жазықтарда, тау етектеріндегі аудандарда кездеседі.[1]

Thumb

Ұзындығы жүздеген метрден 2—3 км-ге, ені 100—200 м (кейде 700 м), биіктігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін болады. Байырғы мұздықтардың жылжыған бағытымен созылып жатады, жайдақ тегістелген беткейі бұрынғы мұздыққа, ал тіктеу келген беткейі қарама-қарсы жаққа қарайды. Друмлиндер көбінесе мұз астындағы аккумуляциялық процестердің және мұздық эрозияның әсерінен пайда болады. Кейде Друмлиндер друмлин далаларын түзеді. Олардың ең үлкенінің (АҚШ-тың Нью-Йорк штаты) ішінде 10 мыңға жуық Друмлиндер бар. Друмлиндер Эстония мен Латвия жерлерінде де кездеседі.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads