Бенито Муссолини

Дуче(Италия фюрері) From Wikipedia, the free encyclopedia

Бенито Муссолини
Remove ads

Бенито Амилкаре Андреа Муссолини[1] (итал: Benito Amilcare Andrea Mussolini; 29 шілде 1883 жыл, Форли – 28 сәуір 1945 жыл, Донго) — Италияның фашизмік диктаторы (1922 – 43). Саяси қызметін 1912 – 14 ж. Италия Социалистік партиясының (ИСП) орталық органы “Аванти” газетінің редакторы болудан бастады. 1914 ж. Италияның Антанта жағында соғысқа қатысуын жақтағаны үшін партиядан шығарылды. 1919 ж. фашистік партияның негізін құрып, оның басшысы (дуче) болды. 1922 ж. “Римге жорық” ұйымдастырып, үкімет билігін тартып алды, 1926 жылдан фашистік диктатура орнатуға кірісті. 1933 ж.Германияда фашистік диктатура орнағаннан кейін Муссолини үкіметі онымен әскери-саяси одақ құруға тырысты. Басқыншылық сыртқы саясат жүргізіп, 1935 ж. Эфиопияны (Абиссиния), 1939 ж. Албанияны жаулап алды.

Thumb
Муссолини және оның көңілдесінің басқа да фашисттермен бірге асылып қойылған мүрделері,Милан,1945ж

Quick facts Лауазымы, Ту Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Ту ...
Thumb
Муссолини Бенито қол қою сәтінде

Германиямен және Жапониямен қатар 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды. 1943–1945 ж. Муссолини Солтүстік Италиядағы немістер басып алған аумақта құрылған Сало республикасы аталған үкіметті басқарды. Муссолиниді партизандар тұтқындап, Солтүстік Италияны Азат етудің ұлттық комитеті әскери трибуналы өлім жазасына кесті.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads