Ду (департамент)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ду (фр. Doubs) — Францияның шығысындағы департамент, Франш-Конте аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 25. Әкімшілік орталығы — Безансон қаласы. Халық саны 525 мың адам (департаменттер арасында 51-ші орын, 2009 ж.).
Remove ads
Географиясы
Жер бедері маңында Юра тау жүйесінің болуымен анықталады.
Департамент 3 округ, 35 кантон және 594 коммунаны қосады.
Тарихы
Ду — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Байырғы Франш-Конте провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Ду өзенінен шыққан.
Туризм
Ду департаментінің туризімдік жағдайы жанұялық сипатта. Туристер үшін бірнеше спорттық орталықтар салынған, солардың ішінде Сен-Пуэн көлінің жағасында орналасқан Мальбюиссон коммунасындағы демалыс базасын атап кету жөн. Онда таулы велоспортымен, жарыс шаңғысымен, атпен жүруге, балық аулаумен айналысса болады.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
![]() |
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads