Единец
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Единец (Единцы; рум. Edineț) — Молдовадағы қала және муниципия, Единец ауданының орталығы. Қала құрамына Александрен және Жаңа Гординешты ауылдары кіреді.[1] 2025 жылы Единец қаласының тұрғындарының саны 20 293 адамды құрады. Единец Молдовада 59 қаланың ішінде халық саны бойынша 14-ші орында.[2]
Remove ads
Географиялық орналасуы
Молдованың солтүстігіндегі қала. Кишинев-Черновцы тас жолының бойында, Кишиневтен 200 км және Брэтушены вокзалынан 8 км қашықтықта орналасқан.
Тарихы
Единец елді мекені алғаш рет 1431 жылы 15 шілдеде Александр Македонский жарғысында жазылған құжатта атап өтілген, оған сәйкес Чугор, Раковец және Прут өзендерінің арасындағы жер ворник Иван Купчичке ауылдар құру үшін бөлінген.
Алғаш балауыз шам зауыты ашылды. Мұнда аптасына бір рет ірі жәрмеңкелер өткізіліп, онда бас ірі қара, қой т.б. сатылады.
1876 жылы Единецте алғашқы екі мектеп ашылды: біреуі ұлдарға, екіншісі қыздарға арналған.
1885 жылы бірінші стационарлық медициналық пункт ашылды, онда бір дәрігер мен бір медбике жұмыс істеді.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында пошта, телеграф, телефон станциялары жұмыс істей бастады. 1940 жылы 11 қарашада Единец аудан орталығы болды.
1991 жылы Молдавия КСР-ы Кеңес Одағының құрамынан шыққаннан кейін Единцы қаласы Единец деп аталды.
Қала бірте-бірте солтүстік Молдованың маңызды экономикалық орталықтарының біріне айналуда. Оның айрықша белгілерінің бірі – көп ұлттылығы: мұнда молдавандар, украиндар, орыстар, олардың арасында көптеген – ескі діндарлар, сондай-ақ сығандар, еврейлер, поляктар т.б. өмір сүреді.[3][4]
Remove ads
Өндіріс орындары
Қалада төмендегі өндіріс орындары жұмыс істейді:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу пункті,
- 4 диірмен,
- 4 май зауыты,
- 3 наубайхана,
- жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны.
452 коммерциялық кәсіпорын: 406 дүкен, 4 мейрамхана, 25 дәмхана, 2 кафе-асхана, 10 жанармай құю станциясы, 3 құрылыс компаниясы, 3 көлік компаниясы жұмыс істейді.[5]
Жергілікті экономика трансшекаралық саудаға негізделген.[6]
Инфрақұрылымы
Елді мекендегі жолдардың жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды, оның ішінде ұзындығы 55 шақырымнан асатын жолдардың көпшілігі асфальтталған. Қаланы газдандыру деңгейі жоғары, шамамен 46 км газ құбыры салынды. Барлық әлеуметтік-мәдени мекемелер, кәсіпорындар мен 3000-ға жуық үйлер мен пәтерлер газ құбырына қосылған.
Қалада 5 мектепке дейінгі мекеме, 1600 оқушы оқитын 3 мектеп және 1260 оқушы оқитын 4 орта мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар колледж бар.
Денсаулық сақтау жүйесі ауруханадан, отбасылық дәрігерлік пункттен, құтқару пунктінен және көптеген дәріханалардан тұрады.
Қалада 2 кітапхана, мәдениет үйі және ауданының мұражайы бар.
Remove ads
Бауырлас қалалар
Галарея
-
Мэрия
-
АХАЖ бөлімі
-
Аудандық мәдениет үйі
-
Единец
-
Қала көшелерінің бірі
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads