Екіншіауыздылар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Екіншіауыздылар
Remove ads

Екіншіауыздылар (лат. Deuterostomіa) – қосжақты симметриялы омыртқасыз жануарлардың бір тобы. Екіншіауыздылардың алғашқы ауыздылардан айырмашылығы – эмбриондық даму кезінде ауыз қуысы бластопордан емес, соған қарама-қарсы жақтан пайда болады, ал бластопор әдетте аналь тесігіне айналады немесе жабылып кетеді. Екіншіауыздылар негізінен теңізде, көпшілігі оның түбінде тіршілік етеді. Бұларға тікентерілілер жартылай хордалылар және хордалылар жатады. Кейбір ғалымдар Екіншіауыздыларға қылтанжақтылар мен погонофорларды да қосады. Екіншіауыздылар – жұмыртқасының сәулелі бөлшектенуімен, екінші реттік дене қуысының (целом қуысы) пайда болуымен, аралық қабаттың (мезодерманың) энтероцелді даму жолымен (мезодерманың бастамасы энтодерма қабатынан оқшауланып шығады) ерекшеленеді.[1]

Thumb
Екіншіауыздылар
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads