Енисей

From Wikipedia, the free encyclopedia

Енисей
Remove ads

Енисей, Енесай (қыр. Эне сай, эвенкіше Иоанеси – үлкен су, өзен; хақ. Ким суғ, тыв. Улуг Хем) — Жер шарындағы аса ірі өзендердің бірі. Ресей федерациясы жерімен ағады.

Quick facts Енисей, орыс. Енисей ...
Remove ads

Географиясы

Ол Бий-Хем (Үлкен Енисей) және Ка-Хем (Кіші Енисей) өзендерінің Қызыл қаласы (Тыва Республикасы) тұсында қосылуынан пайда болады[1]. Батыс және Шығыс Сібір шекарасын бойлай, негізінен, Ресейдің Красноярск өлкесі жерімен солтүстікке қарай ағып, Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара т-ндегі Енисей шығанағына құяды. Ка-Хем бастауынан санағанда ұзындығы 4102 км, ал Бий-Хем өз-нің қосылған жерінен ұзындығы 3487 км. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км², оның 328 мың км²-і Моңғолия жерінде.

Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр. Аңғары мен арнасының құрылысына, ағысының сипатына және гидрологиялық режиміне қарай Енисей негізгі 3 бөліктен тұрады: жоғары Енисей — Үлкен және Кіші Енисейдің қосылған тұсынан Батыс Саянның Минуса қазаншұңқырына шығар жеріне (Означенное айлағы) дейін, ұзындығы 474 км; орта Енисей — Означенное айлағынан Ангара өзенінің құйылысына дейін, ұзындығы 876 км; төменгі Енисей — Ангара өзенінен сағасына дейін ұзындығы 2137 км.

Енисей бұйраты сілемдерін кесіп өткен жерінде Казачинский және Осинов шоңғалдары бар. Абакан саласы құйғаннан кейін аңғарының ені 5 км-ге жетеді, арнасының ені 500 м-ден асады, ағысы баяулайды (2 м/с). Абаканның сағасынан төменде Красноярск бөгені басталады (ұзындығы 360 км, бөгет жанындағы тереңд. 100 м). Ангараның құйылысынан төмен қарай оң жағасы таулы, сол жағасы жайпақ. Төменгі Тунгускаға дейінгі аңғарының ені 10 — 20 км, кей жерлерінде 40 км-ге жетеді. Одан төмен аңғары кеңейе түсіп, арнасының ені 2 — 5 км-ге жетеді. Игарка қаласы тұсындағы тереңд. 20 — 40 м. Төм. бөлігінде ұзындығы 300 км-дей болатын көптеген тармақтарға бөлінеді, олардың ең саяз жері 5 — 8,5 м.

Remove ads

Салалары

Сол жақ салалары

  • Кем,
  • Қас,
  • Сым,

  • Дубчес,
  • Елогуй,
  • Турухан,

  • Кіші Хета,
  • Үлкен Хета,
  • Грязнуха.

Оң жақ салалары

  • Ус,
  • Кебеж,
  • Туба,
  • Сыда,

  • Курейка,
  • Хантайка,
  • Дудинка.

Енисейдің оң жақ салалары әкелетін су мөлшері мен су жинайтын жері бойынша сол жақтарға басымдық береді. Негізгі саласы - Ангара, бірақ он жылда бір рет басқа бір ірі өзен — Төменгі Тұңғыс жылдық ағыны бойынша одан асып түседі.

Remove ads

Гидрологиясы

Thumb
Енисей су алабы

Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Суы көктемде көтеріліп, жазда тасиды. Жылдық орташа су ағыны Игарка қ. тұсында 18100 м³/с, сағасында 19800 м³/с. Қараша мен желтоқсан аралығында қатып, сәуірдің соңынан маусымның басына дейін мұзы ериді. Енисей алабында жалпы аудан 13,1 мың км² болатын 100 мыңнан астам көл бар.

Жағасындағы елді мекендер

Өзен бойында Саян-Шушенск, Краснояр СЭС-тері және бірнеше бөген орналасқан. Бөгендерде және Красноярск қ-нан сағасына дейін кеме жүзеді. Енисей алабында Саян-Шушенск, Столбы қорықтары орналасқан. Енисейден түрке, майшабақ, сылан, мұқсын, сүйрік, бекіре, қортпа ауланады. Е. бойындағы басты қалалар: Қызыл, Саяногорск, Минусинск, Абакан, Дивногорск, Красноярск, Лесосибирск, Енисейск, Игарка, Дудинка.

Remove ads

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads