Есенсай

From Wikipedia, the free encyclopedia

Есенсай
Remove ads

ЕсенсайБатыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Есенсай ауылдық округі орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орны

Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде, Жайық өзенінің бетеге, қау, қамыс, құрақ өскен сұр қоңыр топырақты сол жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1615 адам (809 ер адам және 806 әйел адам) болса, 2009 жылы 1416 адамды (721 ер адам және 695 әйел адам) құрады.[1]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1048 адамды (546 ер адам және 502 әйел адам) құрады.[2]

Тарихы

Есенсай 1932 жылы Тайпақ мал шаруашылығы кеңшарынан бөлініп шығып, жеке шаруашылық құрды. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда 17 шаруа қожалықтары мен бір серіктестік жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Электр станциясы, орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен су жолы және автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads