Есірткілер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Есірткілер
Remove ads

Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.[1][2]

Thumb
Героиннің үлгісі
Thumb
Марихуана

Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор[3], семена эклаты и мака[4][5] тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.

Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi[6]. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады[7].

Көп жағдайларда медицинада және юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған. Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.[1][2]

Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. 2009 жылдың бірінші қарашасының тіркеуіне сәйкес, 1972 жылы наркотикка қарсы өткіщілген жиынның келісімінде 186 ел қосымшалар енгізген, бұл бүкіл әлемдегі елдердің 96% - ын құрайды. Оның арасында 184 ел 1961 жылғы келісімнен бері өз үлестерін қосып келуде. Ауғаныстан және Чад елдері 1961 жылғы келісімге қана қосылған. Сондай – ақ 1961 жылғы келісімге сегіз ел өкілдері қосылмады. Олар: Экваторлы Гвинея, Тимор-Лешти, Вануату, Кирибати, Науру, Кук аралдары , Самоа және Тувалу.[8]

Remove ads

Анықтау

Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес

Наркотик — ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі.[1][2]

БҰҰ – ның анықтамасы

1961 жылғы біртұтас келісім отырысында БҰҰ «наркотик» ұғымының толық мағынасын анықтады:

I және II тізім қатарына кіретін барлық өнім түрлері – есірткі атауының құрамына кіреді.[9]

Алайда әлемнің көптеген елдерінде наркотик ұғымына жататын өнімдерді 1961 жылғы келісімдегі бекітуге сәйкес анықталуда. Айта кететін жайт – I және II тізім қатарына героин, каннабис, дезоморфин және кетобемидон жатқызылды.

Remove ads

Ресейде

Ресейде «наркотик» ұғымына келесідей анықтама қойылған:

Есірткі – Ресей Федерациясының қатаң тексерісіндегі және 1961 жылғы келісімнің тармақтарына сәйкес, синтетикалық, өсімдіктер немесе жүйке жүйесіне әсер ететін өнім түрі.[10]

АҚШ-та

АҚШ-ның кодексіне сәйкес[11], «наркотик» (ағылш. narcotic drug) ұғымына опиум, кокайн және опиаттар жатады делінген. Есірткі келесідей күйде кездеседі:

(A) Препаратты терiс пайдалануына үлкен мүмкіншілік бар (ағылш. The drug or other substance has high potential for abuse).
(B) Препаратпен АҚШ-та емделу тұрпатында ешқандай рұқсаты жоқ (ағылш. The drug or other substance has no currently accepted medical use in treatment in the United States).
(C) Дәрігерлік бақылау болған кезде де, тәуекелдік қарапайым нормаларды асып түседі (ағылш. There is a lack of accepted safety for use of the drug or other substance under medical supervision).
Remove ads

Ғылыми анықтама

«Наркотик» деп келесі белгілерге сәйкес келетін өнімдерді атайды:

  • Дәрiгерлiк белгi — орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрігерлік рұқсаты жоқ өнім.
  • Әлеуметтiк белгi — алып келетін зақымы үлкен көлемді немесе әлеуметтіктүрде болатын дәрігерлік емес өнім.
  • Заң белгiсi — есiрткi заттардың тiзiмiне кірген өнім.

Бүкіләлемдік деңсаулық сақтау ұйымының анықтамасы

Жүйке жүйесіне әсер ететін кез-келген өнім — психобелсенді болып табылады.[12]

Тұрмыс мән

Аудармалы мағынада «наркотик» деп үнемі қолданбаған жағдайда жүйкелей тұрақсыздықты алып келетін кез келген өнімді айтуға болады. Сонымен қатар ешқандай себепсіз ашулануға алып келетің, мастықты шақыратын адам деңсаулығына зияны мол өнім.

Thumb
Никотині бар темекі

Көптеген салауатты өмір салтына деген ұстанымы мықты адамдардың есірткіге қарсылығы, оның алып келетін зардабына тікелей байланысты. Ішімдік және құрамында никотині бар өнімдер жеке бас деңсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға, әлеуметке деген үлкен қиянат. Бұқаралық ақпарат өкілдерінің көбісі ішімдік пен никотинді «наркотик» қатарына жатқызатыны құпталады.

Remove ads

Есірткілер классификациясы

Есірткі келтіретін зардабына сай ауыр есірткілер және жеңіл есірткілер болып екі топқа бөлінеді. Ал жүйкеге алып келетін зардабы синтетикалық, жартылай синтетикалық және өсімдік түрлі болып үшке бөлінеді.

Есірткілердің заңнамалық классификациясы

Ресейде есірткілерді тексеру келесі төрт нысан бойынша жүзеге асырылады:

  1. Айналымына тыйым салынған есірткілер мен жүйкеге әсер еткіш өнімдер: гашиш, героин, метаквалон, метилфенидат және т.б.
  2. Есірткелік өнімдер: амфетамин, кодеин, кокаин, морфин, кетамин және т.б.
  3. Айналымыны шектеу бар жүйкеге әсер еткіш өнімдер: декстрометорфан, тарен және т.б.
  4. Жүйкеге әсер еткіш өнімдер өндірген кезде, белгілі есептеу және ақылау шаралары жүретін өнімдер: эфедрин, нитрометан, толуол және т.б.[13]

Әсер ету тетігі

Барлық есірткілер тура немесе жанама түрде постсинаптикалық нейрондардың құрамындағы дофамин немесе серотонин сияқты нейромедиаторлардың ағындарын 5 – 10 дейін жоғарылатып, миды улауға арналады.[14][15][16] Нейромедиаторлардың ағындарының жоғарылауы оқу, білім алу процесіне әсер етіп, адамда уақытша рахаттану сезімін тудырады.[17] Нейробиологиялық тәжірибелер қарапайым жағымды жаңалықты еске алу,[18][19][20] дофамин нысанын жоғарылатуға мүмкіндік береді.[21] Алайда есірткіні қабылдаған нашақор дофамин құрамын күрт азайтып тек «жалған рахаттануды» жасанды әдіспен алып жатқанын біле бермейді.[14] Егер есірткіні қабылдау жиілеп кетсе, дене мүшелері «жаңа қалыпқа» бейімделіп, соңында қауіпті залал тигізуі мүмкін.

Remove ads

Есірткіге тәуелділік

Есірткіні жиі қолданатын адамдарда уақыт өте тәуелділік пайда болады. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді:

  • Жүйкелік
  • Физикалық

Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады. Кейіннен ол физикалыққа ауысады. Физикалық тәуелділік қолданылатын өнімге және қолдану мерзіміне байланысты түрлі болады.

Психикалық тәуелділік есірткіні қолданылмау уақыты ұзақталған жағдайда көңіл – күйдін төмендеуімен және есірткіні қолданған кезде рахаттану сезімі пайда болуымен көрініс береді. Уақыт өте есірткі жүйке жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін міндетті түрде қажет болатын өнім болып қалыптасады.

Физикалық тәуелділік есірткіні ұзақ уақыт аралығында қолданғандықтан, ағзаның жұмыс істеу режимі өзгеруінен туады. Егер есірткіні ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ағзаның функционалды жұмыс істеуі тоқтап, белгілі залалдарға алып келеді. Қатты физикалық тәуелділікті опиаттар мен барбитураттар алып келеді.

Remove ads

Есірткі нарығы

Есірткі өнімдері сатылатын нарық қара нарық деп аталады. АҚШ, Канада, Бельгия, Чехия сияқты бірқатар елдерде марихуананы дәрілік тұрпатта қолдануға рұқсат етілген. Ал 2008 жылы есірткінің Нидерланд еліндегі бағасы келесідей болды:ref name="jellinek">jellinek.nl — Сколько стоят наркотики (нидер. Hoeveel kosten drugs)</ref>

  • гашиш граммы — 10 еуро
  • бір джоинт — 2-3 еуро
  • экстази дәрісі — 3-5 еуро дилерға және 10 еуро клубта
  • кокаинның 55 % граммы— 50-60 еуро
  • 5 л. GHB — 5 еуро
  • 10 мл. попперс — 12,5-15 еуро
  • героин граммы — 25-35 еуро

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads