Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қарағанды, Қазақстандағы университет From Wikipedia, the free encyclopedia

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Remove ads

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетіҚарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны[1][2]. Университеттің негізі 1938 жылы құрылған Қарағанды мұғалімдер институтынан бастау алады.

Quick facts Университет атауы, Халықаралық атауы ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 12 тамыздағы Жарлығымен ұлттық мәртебе берілді[3]. Қарағанды университеті жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам болып саналады. Университетті басқаруды Жалғыз акционер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүргізеді.

Университетті Еуропалық EQAR жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің тізіліміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1 Ұлттық Тізіліміне кіретін Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік аккредиттеген[4].

Remove ads

Статистика

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің кампусы 54,14 гектар аумақты қамтиды. Университетте 13 факультет пен 48 кафедра жұмыс істейді. Білім алушылардың жалпы саны 2024-2025 оқу жылы 12 812 адамды құрайды, олардың 5817-і мемлекеттік білім грантының иегері. Жыл сайын шамамен 3,5 мың талапкер қабылданады, олардың ішінде 400-ден астамы Алтын белгі төсбелгісінің иегерлері. Университетте 13 елдің азаматтары білім алады. Түлектердің 85 пайызы оқуды аяқтағаннан кейін алғашқы үш ай ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Университетте 1475 қызметкер бар, олардың ішінде 775-і оқытушылар болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамының төрттен бірі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие. Бакалавриат деңгейінде 103 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады, оның ішінде 27 бағдарлама инновациялық, 12 бағдарлама көптілді болып табылады. Дайындық педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік және құрылыс салалары бойынша жүргізіледі.

Магистратурада 92 бағдарлама бар, оның ішінде 16-сы инновациялық. Дайындық педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, құқық және қызмет көрсету салалары бойынша іске асырылады. Докторантурада 16 бағдарлама жүзеге асырылады, оның ішінде 3 бағдарлама инновациялық болып саналады. Дайындық педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, құқық және жаратылыстану ғылымдары бойынша жүргізіледі.

Университеттің 130 білім беру бағдарламасы аккредиттелген, олардың ішінде 9 бағдарлама жеті жыл мерзімге халықаралық аккредитация алған. Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, құқық және жаратылыстану салаларында диссертациялық кеңестер жұмыс істейді. Университеттің ғылыми инфрақұрылымы 19 ғылыми құрылымды қамтиды. Білім ордасы әлемнің 30 еліндегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Ғылыми кітапхана қоры 1,8 миллионға жуық кітаптан тұрады, электрондық кітапханада 60 мыңнан астам құжат сақталған.

Remove ads

Тарихы

1938 жылы Қарағанды мұғалімдер институты болып ашылды.

1952 жылы Қарағанды мұғалімдер институты Педагогикалық институт болып қайта құрылды

1972 жылы Педагогикалық институт Қарағанды мемлекеттік университеті болып қайта құрылды

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің есімі берілді.

2025 жылы университетке Ұлттық университет статусы берілді[5].

Алғашқы кезең

1938 жылы ашылған Қарағанды мұғалімдер институтына алғашқы жылы 117 студент қабылданды. Институт тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерін даярлады. Төрт кафедра (марксизм-ленинизм, педагогика, тіл және әдебиет, тарих) жұмыс істеді. Алғашқы оқытушылар құрамына ҚарЛАГ-тан босатылған тәжірибелі тарихшылар мен филологтар кірді. Институт кітапханасының алғашқы қорын Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институты сыйға тартқан 7 мың кітап құрады.

Қарағанды педагогикалық институты

Кейін институт Қарағанды педагогикалық институты болып қайта құрылды. Мұнда сегіз кафедра жұмыс істеді. Оқытушылар құрамында 82 адам болды, олардың ішінде 1 ғылым докторы және 16 ғылым кандидаты бар. Ректор қызметін математик С.Б. Баймурзин атқарды. Алғашқы түлектер саны 318 адамды құрады. 1958 жылы «Ученые записки» атты ғылыми мақалалар жинағы жарық көрді. 1962 жылдан бастап аспирантура бағдарламалары ашылды.

1970-жылдардың басында институт алты факультеті бар, 5440 студентті қамтыған ірі жоғары оқу орнына айналды.

Remove ads

Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылуы

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды. Оның алғашқы ректоры техника ғылымдарының докторы, профессор Евней Арыстанұлы Бөкетов болды. Ол университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғылыми инфрақұрылымын дамытты. Е.А. Бөкетов 200-ден астам ғылыми еңбек, 9 монография және 90 өнертабыстың авторы ретінде ғылымға елеулі үлес қосты. 1991 жылы университетке оның есімі берілді.

Remove ads

Даму кезеңдері

2000-жылдары университет құрылымын кеңейтіп, 14 факультет пен 72 кафедрасы бар ірі оқу орнына айналды. Магистратура, жаңа мамандықтар ашылды, студенттер саны 20 мыңға дейін өсті.

2003 жылдан бастап кредиттік оқыту жүйесі енгізілді. 2005 жылы университет Болонья хартиясына қосылып, ISO 9001 сапа менеджменті жүйесін енгізді. 2006 жылдан Erasmus Mundus және DAAD бағдарламалары бойынша халықаралық серіктестіктер дамыды.

2010 жылдан бастап университет QS World Universities Rankings рейтингіне енді. 2012 жылы бірқатар білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтті. 2013 жылы Назарбаев Университетімен ынтымақтастық орнатылды. 2014 жылы Еуропалық университеттер қауымдастығына мүше болды.

2016 жылы университет археологиялық экспедициясы Орталық Қазақстандағы бірегей сақ дәуіріне дейінгі жерлеу кешенін ашты. 2017 жылы университеттің бес ғылыми жобасы EXPO-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылды.

Remove ads

Қазіргі кезең

2020 жылдан бастап университеттің Басқарма төрағасы-ректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков. Сол жылы ребрендинг жүргізіліп, университеттің атауы Karaganda Buketov University ретінде тіркелді.

2022 жылы QS World University Rankings нәтижесінде университет 801+ деңгейін иеленді. Бүгінде университет құрамында 14 факультет, ондаған ғылыми орталықтар, халықаралық аккредиттелген зертханалар жұмыс істейді.

Remove ads

Ректорлар

  • 1972 жылғы наурыз – 1980 жылғы қаңтар аралығында профессор, техника ғылымдарының докторы Евней Арыстанұлы Бөкетов.
  • 1980–1988 жылдары химия профессоры Зейнолла Молдахметұлы Молдахметов,
  • 1989–1991 жылдары биология профессоры Айтқожа Биғалиұлы Биғалиев,
  • 1991–2004 жылдары профессор Жамбыл Саулебекұлы Ақылбаев,
  • 2004 жылдан 2019 жылға дейін университетке құқық ғылымдарының докторы, профессор Еркін Қинаятұлы Көбеев жетекшілік етті.
  • 2019 жылы химия профессоры Азамат Тіржанұлы Едірісов ректор қызметін атқарды.
  • 2020 жылдан бастап университеттің Басқарма төрағасы-ректоры заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков.
Remove ads

Құрылымы

Басқарма құрамы (2025)

  • Дулатбеков Нурлан Орынбасарұлы - Басқарма төрағасы - Ректор
  • Умуркулова Мадина Максимовна - Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі - проректор
  • Тажбаев Еркеблан Муратович - Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор
  • Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор
  • Молдабаев Асылбек Серікұлы - Басқарма мүшесі, әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор
  • Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы - Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads