Жаирзиньо

From Wikipedia, the free encyclopedia

Жаирзиньо
Remove ads

Жаир Вентура Фильо (25 желтоқсан 1944, Дуки-ди-Кашиас, Бразилия), Жаирзиньо (порт. Jairzinho ретінде жақсы танымал [ʒaˌiʁˈzĩɲu]) — бразилиялық футболшы. Жартылай қорғаныста ойнаған.[1][2]

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Ұлттық құрамада

1964 жылы 7 маусымда тұңғыш рет Бразилия Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты. Бұл ойында Бразилия 4:1 есебімен Португалияны ұтты. 1966 жылғы әлем чемпионатына барды, бірақ құрама топтан шыға алмады.

1970 жылғы әлемдік дода Жаирзиньо үшін өте сәтті болды. Ол алты ойынның алтауында да гол соқты (барлығы 7 гол). Бұл да бір — өзіндік рекорд. Бұл турнирде Бразилия үшінші рет әлем чемпионы атанды.

1974 жылғы әлем чемпионатында жеті ойынның бәрінде де алаңға шығып, 2 гол соқты.

Жаирзиньо құрама сапындағы соңғы ойынын 1982 жылы 3 наурызда Сан-Паулуда Чехословакияға қарсы өткізді. Бұл кезде футболшылық ғұмырына нұкте қойған-ды. Чехослвактармен ойында 11 минуттай алаңда ойнады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Remove ads

Жетістіктері

Командалық

Бразилия құрамасы
  • Әлем чемпионы: 1970
  • Рио-Бранко Кубогы: 1968
  • Бразилия тәуелсіздігінің кубогы: 1972
«Ботафого»
  • Бразилия кубогы: 1968
  • Бразилия чемпионатының күміс жүлдегері: 1971
  • Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (3): 1962, 1967, 1968
  • Рио-де-Жанейро штатының күміс жүлдегері (2): 1969, 1971
  • Сан-Паулу турнирінің чемпионы (3): 1962, 1964, 1966
«Олимпик» (Марсель)
  • Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 1975
«Крузейро»
  • Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1975
  • Минас-Жерайс штатының күміс жүлдегері: 1976
  • Либертадорес кубогы 1976
«Португеса»
  • Венесуэла чемпионы: 1977
«Хорхе Вильстерманн»
  • Боливия чемпионы: 1980

Жеке

  • Әлем чемпионатының алты матчында қатарынан гол соққан жалғыз футболшы (1970)
  • Либертадорес Кубогының үздік мергені 1976 (14 гол).

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads