Жертесерлер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Жертесерлер (лат. Soricidae) - жәндікқоректілер тұқымдасы.
Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. Дүние жүзінде кең тараған (тек полюстік облыстар мен Австралияда және Оңтүстік Америкада кездеспейді), 21 туысы, 290 түрі белгілі. Республикамыздың солтүстігінде және шығысында, оңтүстік-шығысында шөбі қалың өзен, көл маңында, таулы жерлерде, 2500 – 2600 м биіктікке дейін тіршілік етеді.
Жертесердің Қазақстанда 5 туысының 13 түрі мекендейді, олардың ішінде путорактар, ала жертесерлер, кішкентай жертесерлер, ақтіс жертесерлер және су жертесері бар. Дене тұрқы 3 – 18 см, салмағы 1,5 – 4 г-дай. Құйрығының ұзындығы 1 – 12 см. Тышқанға ұқсайды, бірақ басы үлкен, тұмсығы үшкірлеу. Құлақ қалқандарының құрылысы ерекше қалта тәрізді қатпарлы болады.
Мұрттары ұзын. Көзі кішкентай. Жүні барқыттай жұмсақ, қоңырқай, сұр, қара не қара қоңыр. Ересек еркектерінің бүйірінде, шабында өзіне тән иіс шығаратын бездері болады. Қорек талғамайды, омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Тәулігіне жейтін қорегінің мөлшері өз салмағынан 1,5 – 2 есе артық болады. Арнайы ін қазбайды, басқа кемірушілердің бос інін пайдаланады. Өте өсімтал: жылына 2 – 3 рет (әр жолы 6 – 8, кейде 14-тен) балалайды. Зиянды жәндіктерді жеп пайда келтіреді.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads