Жиенғали Әділұлы Тілепбергенов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Жиенғали Әділұлы Тілепбергенов (1895, қазіргі Қызыл жұлдыз ауылы, Темір ауданы, Ақтөбе облысы1933, Ақтөбе) – жазушы, драматург. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашқан Тілепбергенов Орынбордағы Құсаиния медресесінде оқыды.

  • 1915 – 18 жылдары Уфадағы Ғалия медресесінде білім алған. Осы жылдары шығып тұрған Садақ қолжазба журналының Б.Майлиннен кейінгі шығарушысы болды.
  • Тілепбергенов 1918 – 33 жылдары ауыл мұғалімі, Темір ауданы оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі (1921 – 25).
  • Ақтөбедегі “Кедей” газеті редакторының орынбасары, редакторы (1925 – 26).
  • Қызылжардағы “Бостандық туы” газетінің редакторы (1927 – 28)
  • Қызылорда ағарту институтында оқу-тәрбие жұмысын басқарушы, кейін директоры (1928)
  • Сыр бойы” газеті редакторының орынбасары (1929 – 30)
  • Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы (1931 – 32)
  • Темір ауданы “Социалды майдан” газетінің редакторы (1932 – 33) қызметтерін атқарған.
Quick facts Туған күні, Туған жері ...

Тілепбергенов Айқап, Қазақ, Алаш газеттеріне елден хабарлар жазып, өлеңдерін жариялаған. Жазушының ауыл өмірін суреттеген “Таңбалылар” (1930) повесі жарық көріп, “Перизат – Рамазан” (1928), “Тілші” (1928) атты пьесалары сахнада қойылған. Әңгімелер мен фельетондар жинағы “Ізбасар” деген атпен 1969 жылы жеке кітап болып басылды.


Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads