Жуниньо Пернамбукано
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Антонио Аугусто Рибейро Реис Жуниор (порт. Antônio Augusto Ribeiro Reis Júnior; 30 қаңтар 1975 жыл, Ресифи), Жуниньо Пернамбукано (порт. Juninho Pernambucano ретінде кеңінен танымал) — бразилия футболшысы, жартылай қорғаушы.
Remove ads
Карьерасы
Тегі "Пернамбуку штатынан" деген мағынаны береді. Айып добын орындаудың шебері.
Карьерасын Бразилияның "Спорт Ресифи" клубында бастады. 1994 жылы "Васко да Гама" клубына ауысып, 2001 жылға дейін ойнады. Команда сапында ойнап жүріп Оңтүстік Америкадағы клубтық деңгейдегі жүлделердің барлығын дерлік ұтты.
2001 жылы Францияның "Лион" клубына ауысып, қатарынан жеті рет ел чемпионы атанды. 2008 жылы "Лионнан" кеткен соң көзге түспей қалды. Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырып, 2014 жылы футболмен қоштасты.
Ұлттық құрама сапында 2006 жылға дейін ойнады. 2005 жылы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанды. 2006 жылы әлем біріншілігіне қатысып, үшінші турда Жапонияның қақпасына бір гол соқты.
Remove ads
Жетістіктері
Спорт Ресифи
- Пернамбуку чемпионы: (1) 1994
- Солтүстік Шығыс кубогы: (1) 1994
- Бразилия чемпионы: (1) 1997
- Жуан Авеланж кубогы: (1) 2000
- Либертадорес кубогы: (1) 1998
- Меркосур кубогы: (1) 2000
- Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: (1) 1998
- Гуанабара кубогы: (2) 1998, 2000
- Рио Кубогы: (3) 1998, 1999, 2001
- Рио-Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы: (1) 1999
- Клубтар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2000
- Құрлықаралық кубоктың финалисі: 1998
- Франция чемпионы: (7) 2001/02, 2002/03, 2003/04, 2004/05, 2005/06, 2006/07, 2007/08
- Франция кубогы: (1) 2007/08
- Франция суперкубогы: (6) 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007
Әл-Гарафа
- Катар чемпионы: (1) 2009/10
- MLS шығыс лигасы: (1) 2013
- Supporters’ Shield MLS жеңімпазы: (1) 2013
- Конфедерациялар кубогы: (1) 2005
- Франция чемпионатының үздік футболшысы: (1) 2005/06
- Катардағы жыл футболшысы: (1) 2010
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads