Жұмабек Сапаралиев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Жұмабек Сапаралиев
Remove ads

Жұмабек Сапаралиев (20.9. 1940, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сухамбаев атындағы ұжымшар – 8.12.2002, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері, экономист, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы.[1]

Thumb
Жамбыл облысы.

Өмірбаяны

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[2]

Жамбыл есеп-статистика техникумын (1959), Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1977). 1959 – 63 жылы Жамбыл облыстық кинофильмдерді прокаттау кеңесінде бағдарлама құрастырушы, Свердлов ауданы мемлекеттік статистика бөлімінің инспекторы, 1963 – 66 жылы әскер қатарында қызмет етті, 1966 – 77 жылы Жамбыл облыстық статистика басқармасында ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің экономигі, аға экономисті, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, 1978 – 82 жылы Свердлов ауданы «Ровненский» кеңшарының бас экономисі, 1982 – 86 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1986 – 93 жылы Жамбыл облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, 1993 – 94 жылы облыстық қаржы басқармасының бастығы, 1994 – 2002 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Ж.Сапаралиев Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы экономикасын өркендетуге үлкен еңбек сіңірді.

Remove ads

Жетістіктері

«Құрмет Белгісі» орденімен (1971), медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads