Зеренді

From Wikipedia, the free encyclopedia

Зеренді
Remove ads

Зеренді — ауыл, Ақмола облысы Зеренді ауданы және Зеренді ауылдық округі орталығы.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орны

Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Көкшетау қыратындағы Зеренді тауының солтүстік-шығыс етегінде, Зеренді көлінің шығыс жағалауында орналасқан.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...

Тарихы

Іргесі 1824 жылы қаланған. 1961 жылдан өзі аттас астық кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылдан Зерендіде астық қабылдау пункті, өндірістік кооператив, сүт зауыты, шаруа қожалықтары, серіктестіктер құрылған.

Кәсіпорындары

Нан зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс және көлік мекемелері, балық питомнигі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 3 мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, кинотеатр, емхана, аурухана, дәріхана, санэпидемиялық стация бар.Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің мұражай үйі жұмыс істейді. Зеренді тауының баурайында жазғы лагерь, 2 демалыс үйі орналасқан. Ауыл маңындағы Жамантұз көлінің шипалы сазы емге жарамды. Зеренді көлінде ондатра өсіріледі, балық ауланады. Ауыл арқылы Көкшетау – Атбасар автомобиль жолы өтеді.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads