Идиосинкразия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Идиосинкразия (грек. іdіos – өзіндік және synkrasіs – араластыру) – өзінің клиникалық айқындалуы бойынша аллергияға ұқсас және тұқым қуалаушылық салдарынан кейбір тағам өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге сезімталдығы жоғары адамдарда пайда болатын организмнің реакциясы.

Идиосинкразия кезінде қан қысымы төмендейді, қан тамырлары жарылып, теріде қан дақтары пайда болады. Қанның құрамында лейкоциттер мен эритроциттердің мөлшері өзгереді. Асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Негізінен, идиосинкразияның пайда болуына адам организмінде қажетті арнайы ферменттердің жетіспеушілігі әсер етеді. Идиосинкразияны емдеу үшін организмде аллергияның өрбуіне себеп болған затты (тағам өнімі, дәрі-дәрмек) анықтап алу қажет.[1][2]

Remove ads

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads