Николай Иванович Ильминский

From Wikipedia, the free encyclopedia

Николай Иванович Ильминский
Remove ads

Ильминский Николай Иванович (23 сәуір 1822, Ресей, Пенза27 желтоқсан 1891, Қазан қаласы) – орыс педагогы, миссионер.

Thumb
Ильминский Николай Иванович

Өмірбаяны

  • Пенза діни семинариясын (1842) бітірген.
  • Қазан діни академиясын (1846) бітірген.
  • Қазан діни академиясында оқытушы (1846–51) болған.
  • Шығыс тілдерін жете меңгеру мақсатында ғылыми сапармен Сирия, Мысыр, Түркияны (1851–54) аралады.
  • Қазан діни академиясында шығыс тілдерінен сабақ береді (1854–58).
  • Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы (1858–61).
  • Қазан университеттінің профессор (1861–72) қызметтерін атқарған.
  • 1872 жылдан өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған Қазан мұғалімдер семинариясының директоры болды.
Remove ads

Ғылыми жұмыстары

  • «Материалы к изучению киргизского наречия» (Қазан, 1861) атты 200 беттік еңбегінің алғашқы 40 беті Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған да, қалған 160 беті Қазақша-орысша сөздік ретінде берілген.
  • Басқа да түркі тілдерін зерттеумен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырумен де («Ер Тарғын», Қазан, 1862; «Қисса Рабғузи», Қазан, 1859), этнограф, тарих мәселелерімен де шұғылданды (мыс., «Бабыр сұлтанның жазбалары», 1857). Патшалық Ресей үкіметі Еділ, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминский Николай Ивановичтің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Осыған орай мектепте оқытудың білімдік мәнінен гөрі діни-насихаттық жағы басым болды. Осындай кемшіліктерге қарамастан Ильминский Николай Иванович отар халықтардың білім беру ісін дамытуға елеулі үлес қосты. Араб әліпбиі орнына орыс графикасына негізделген әліпби ұсынды. Ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринмен қызметтес болып, ол туралы естелік жазды.[1][2]
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads