Имру-уль-кайс

From Wikipedia, the free encyclopedia

Имру-уль-кайс
Remove ads


Имру әл-Кайс ибн Худжр ибн әл-Харис әл-Кинди (араб.: اِمرؤ القيس بن حجر بن الحارث الكندي‎) — араб ақыны.
Кинд тайпасынан шыққан. Әкесі Худжра ибн аль-Хариса аль-Кинди, Кинд әулетінің соңғы патшасы болған. Әкесінің байлығымен ерке өскен Имру-уль-кайс көңіл-күй әуеніне салынып, өлең жазумен айналысты. Әкесі "Сарайдағы атақ-дәрежеңе өлең жазу сай емес",- деп, оның творчествосына тыйым салмақ болды. Оған көнбеген Имру-уль-кайс үйден безіп, аң аулап, қызық қуып жүреді.
Асад руының адамдары әкесін өлтіргенде ғана (530 ж.), әкесінің байлығы мен билігін алу үшін сарайға келуге әрекеттенеді. Бірақ ол әрекетінен ештене шықпайды.
Имру-уль-кайс шығармаларының бәрі бірдей түгел сақталмаған. Имру-уль-кайс өз поэзиясы арқыла муаллақ (қасыда) жанрының бастаушысы және араб әдебиетінде жырлаушы болды.

Quick facts Туған күні, Туған жері ...
Remove ads

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads