Индербор

From Wikipedia, the free encyclopedia

Индербор
Remove ads

ИндерборАтырау облысы, Индер ауданындағы кент, аудан және Индербор кенттік әкімдігі орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орны

Жайық өзенінің сол жақ беткейінде, Индер көлінен солтүстік-батысқа қарай 9 км және Атырау қаласынан солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан[2].

Тарихы

Іргесі Индер кентінің маңында ашылған борат және ас тұзы кен орындарын игеруге байланысты 1935 жылы қаланған[3].

Халқы

More information 2021[4] ...

Өндірісі

Басты кәсіпорны "Индерқұрылысиндустрия" акционерлік қоғамы борат кенін, гипсокартон өндіруші кәсіпорын. «Жайықгазтасымалдау» басқармасы, геологиялық «Бор» ЖШС, «Индертұз» кәсiпорны, «Индергипс» бiрлескен кәсіпорны, «Индер» мұнай айдау стансасы, «Геохим» кәсiпорны аудан экономикасының негiзгi нысандары болып есептеледi. Ауданның табиғи қорларын игеру мақсатында шетелдiк компаниялармен бiрлескен кәсiпорындар жұмыс жасауда.1989 ж.[5] "Мақат-Индер" темір жолы іске қосылды. Жайық өзенінен жаңа көпір салынды.

Remove ads

Мәдени-әлеуметтік мекемелері

Мектептер

  • М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1961 ж. сегізжылдық мектеп болып құрылған, 1974 жылы орта мектепке айналды.
  • С.Сейфуллин атындағы орта мектеп — 1959 жылы 7 жылдық мектеп болып ашылды. 1960 жылы мектепке С.Сейфуллин есімі берілді. 2013 ж. мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
  • Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп — 1933-34 оқу жылында іргесі қаланған. Шоқан есімі 1952-53 оқу жылында берілген.
  • Көктем орта мектебі — 2000 жылы "Көктем" мөлтек ауданында бастауыш мектеп болып ашылды. 2002 ж. 200 орындық жаңа мектептің ғимараты тұрғызылды. 2003 ж. орта мектепке айналды.
  • Индер балалар өнер мектебі
  • Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Remove ads

Мектепке дейінгі білім

  • "Райхан" бөбекжай-бақшасы
  • "Ботақан" бөбекжай-бақшасы – ескі С. Сейфуллин орта мектебінің ғимараты қайта жасақталып, 2019 жылы 80 орындық балабақша болып ашылған.
  • "Айналайын" бөбекжай-бақшасы – Шығыс мөлтек ауданданында 2017 жылы 290 орындық балабақша болып ашылған.
  • "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы

Колледж

  • Индер көп бейінді ауыл-шаруашылық колледжі — 1984 жылдан №8 кәсіптік- техникалық училище, 1996 жылдан №5 кәсіптік- техникалық мектеп. 2003 жылдан №5 кәсіптік мектеп, 2007 жылдан № 8 кәсіптік лицейі болып өзгертілді. 2012 жылдан бері Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі.[6]

Мәдени орындар

  • "Борат" мәдениет үйі — 1958 ж. пайдалануға берілген. Индерборат кенішінің қаржысымен тұрғызылған.

Діни ұйымдар қызметі

  • Свято-Никольский приходы — 2011 жылы ашылған.
  • Әйіп Қажы мешіті — 2004 жылы салынған, 250 адамға арналған. Жоба авторы Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Т.Қасенов. Қабырғасының биіктігі 12 метр. Екі кіші мұнарасы бар, мінбердің биіктігі 2 метр.[7]

Суреттер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads